«Самұрық-Энерго» АҚ: Корпоративтік орталықтың жаңа Ұйымдық құрылымы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев үстіміздегі жылдың 24 қарашасында Қоғам қызметкерлеріне Корпоративтік орталықтың жаңа Ұйымдық құрылымын таныстырды

«Самұрық-Энерго» АҚ: Корпоративтік орталықтың жаңа Ұйымдық құрылымы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев үстіміздегі жылдың 24 қарашасында Қоғам қызметкерлеріне Корпоративтік орталықтың жаңа Ұйымдық құрылымын таныстырды.

Жаңа ұйымдық құрылымға көшу Корпоративтік орталық қызметкерлерінің алдына 16 нысаналы бизнес үдерістерін басқару тәжірибесіне енгізу міндетін қойып отыр. Жаңа ұйымдық құрылымды енгізу операциялық холдингке өтудегі және корпоративтік орталықта негізгі қызметтерді орталықтандырудағы алғашқы қадам болмақ.

Жаңа ұйымдық құрылымда барлық қызмет бағыттары бойынша құзыреттілік деңгейі біршама күшейтілген. Солардың қатарында коммерциялық қызметті орталықтандыру, сату стратегиясын қалыптастыру көзделген. Өндірістік қызметті тігінен – біріктірілген түрде жоспарлау және  басқаруды енгізу арқылы өндіріс пен жөндеу жұмыстарын басқаруға қатысты құзыреттер арттырылады. Жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу, өндірістік және инвестициялық бағдарламалардың/жобалардың теңгерімделген жүйесін құру жолымен жобаларды басқару қызметі күшейтіледі.

Еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті, еңбекақы төлеуде ашық жүйенің қалыптасуын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдағы лауазымдарды бағалау (грейд тәсілі) жаңа Ұйымдық құрылымға өтудегі бір элемент болмақ.  Әрбір қызметкердің лауазымға қойылатын жаңа талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуді және оның біліктілігіне сәйкес еңбекақы деңгейінің белгіленуін ескере отырып, жаңа ұйымдық құрылымға көшуде қызметкердің құзыреттілігі мен тәжірибесінің лауазымдарға  сәйкестігін бағалау  (Job matching)  жүргізілетін болады.

А.Сәтқалиевтің айтуынша, «ауқымды жұмыс тек бизнес үдерістері мен технологияларға қатысты емес, қызметкерлердің қимыл-әрекеті мен мәдениетіне, біліктілігі мен құзыреттілігін де қамтитын болады».

Басқарма Төрағасы  басшылардың назарын өз қызметкерлерінің болып жатқан өзгерістер туралы барынша хабардар болып, сол іске белсенді араласуын қамтамасыз ету үшін олармен үнемі байланыста болу қажеттігіне аударды. Компанияда алдағы уақытта қызметкерлердің кәсіби даярлығы мен дамуына айрықша назар аударылатын болады, себебі кәсіби білікті мамандар – кез келген мекеменің құнды активі деуге болады. 

2016.11.30
2016.12.02

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng