«Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де инвестициялық модернизациялау жобасы аяқталды

АТҚ-500 кВ модернизациялануы шағын Екібастұз 1-МАЭС сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді

«Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-де құны 18,0 млрд. теңге (ҚҚС-мен) болатын ашық тарату құрылғысын модернизациялау инвестициялық модернизациялау және қайта жаңғырту бағдарламасының шеңберінде жобасы аяқталды (АТҚ-500 кВ).

АТҚ-500 кВ модернизациялануы шағын Екібастұз 1-МАЭС сенімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

1-ЕМАЭС үшін АТҚ-500 кВ Қазақстанның ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) жұмысы үшін маңызға ие. АТҚ-500 кВ-тан жүйелік операторға («KEGOC» АҚ) тиесілі болатын ірі деген алты ВЛ 500 кВ таралады әрі Қазақстан мен Ресейді қатыстыратын мемлекетаралық электр тарату желілері арқылы тасымалдануларын қоса санағанда, аймақтағы қуат пен қуаттылық ағындарын қамтамасыз етеді.

2012 жылдың қарашасынан бастап құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде әбден тозығы жеткен өшіргіштерді элегаз өшіргіштеріне айырбастау, өлшеуіш тоқ және кернеу трансформаторларын, ажыратқыштарды айырбастау жұмыстары орындалды. № 8 энергоблокқа жекелей қосу үшін қосымша үш ұяшыққа АТҚ-500 кВ ұлғайту жұмыстарды орындады. Ст. №№ 5, 6, 7, 8 энергоблоктарының жоспардан тыс өшірілулеріне жол бермеу үшін, жалпы ұзындығы 10 119 м болатын ст. № 5 мен ст. № 7, энергоблоктарына арналған 500 кВ кернеуімен кәбіл желісін төсеу жолымен екі энергоблоктан бір өшіргішке қосылуды «үлестіру» бағдарламасы бағдарлама іске асырылды.

Жобаның шеңберінде замануи жабдықтар қолданылды – элегаз өшіргіштері, шунтирлегіш реакторлар, релелік қорғаны және автоматиканың микропроцессорлық құрылғылары, электр жабдықтарын және тағы басқаларын монтиорингілеу және жұмысын бақылау жүйесі.

Жобаның іске асырылуы электр жабдықтарының қызмет мерзімін ұзартады, тұтынушыларды электрмен  жабдықтаудың сенімділігін жоғарылатады, сондай-ақ пайдалануға жұмсалатын шығындарды азайта түседі.

Спикерлер:

Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы, «Самұрық Энерго» АҚ "Стратегия және Сатулар" Басқарушы директоры

Свамбаев Рысқан Тишпекұлы, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС-ң бас директоры

Омарбеков Қараменде Бидаралұлы, бас инженердің электр бөлігі жөніндегі орынбасары 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар арқылы хабарласыңыздар:

«ЕМАЭС-1» ЖШС    
Жаңылсын Хамитова Баспасөз-хатшы Тел:  +7705 707 99 77

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРтпелер

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - белгіленген қуаттылығы 4000 МВт болатын, электр энергиясын өндірумен және таратумен айналысатын, конденсациялық типтегі жылу электр станциясы. ЕМАЭС-1 станциясын «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы иеленіп отыр. Станцияның пайдаланатын негізгі отыны - Екібастұз кен орындарынан өндіріліп шығарылған тас көмір. Станцияда өндіріліп шығарылған электр энергиясының басым бөлігі Қазақстанның энергетикалық нарығында үлестіріледі.

Кәсіпорынның тарихы

1- Екібастұз Мемлекеттік Аудандық Электр станциясы (ары қарай ЕМАЭС-1, Серіктестік) Екібастұз Отын-Энергетикалық Кешенін құру жөніндегі Орал мен Батыс Сібірдің тұтынушыларын электрмен қамсыздандыруға арналған  20000 МВт белгіленген қуаттылықтағы 5 электр станциясынан тұратын  бұрынғы КСРО жобасының бір бөлігі ретінде салынды. Бірақ, тек екі электр станциясының құрылысын ғана аяқтау мүмкін болды: ЕМАЭС-1 және ЕМАЭС-2. Аталған электр станциялары ең ірі қазақстандық көмір разрездеріне (Қазақстан Республикасының аса ірі көмір разрезі -  Богатырь электр станциясының шығысында 25 шақырым жерде орналасқан) максималды жақын орналасқан. 1974 жылдың қаңтар айында әрқайсысы 500 МВТ құрайтын 8 энергоблоктан тұратын, белгіленген қуаттылығы 4000 МВт,Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 16 шақырым жердегі Жангелді көлінің солтүстік жағалауында орналасқан ЕМАЭС-1 электр станциясының  бірінші құрылысын  салу басталды.  Электр станциясы көмір разрездеріне максималды жақын орналасқан; салқындатқыш су қоймасы мен күл үйіндісі  көлдің құрғап қалған табиғи бассейнінде орналасқан, технологиялық мұқтаждықтарға арналған  су Ертіс-Қарағанды каналынан жеткізіледі. ЕМАЭС-1 Солтүстік Қазақстанда біріктірілген энергожүйесін жүктемемен қамтамасыз ету үшін жобаланған.  Станция Қазақстандағы жалпы тұтынудың 15 пайыздан аса электр энергиясын жеткізді. 

Тиімсіз қолдану мен жеткіліксіз жөндеулердің әсерінен электр станциясын 15 жыл бойы пайдалану жабдықтарының жағдайларын айтарлықтай  нашарлатып, AES  ғаламдық энергетикалық корпорациясы ЕМАЭС-1 сатып алған уақытта станцияда тек қана 5 жұмыс істеуші блоктар қалды, ал, электр станциясы  500 МВт кем қуаттылықты құрады.        

2008 жылдың мамыр айында ЕМАЭС-1 Қазақмыс корпорациясы арқылы сатып алынды.  26.02.2010ж Kazakhmys PLC компаниясы 50 пайыз үлесін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (ары қарай – «Самұрық-Қазына») компаниясына сатты.  01.11.2012ж. Самұрық-Қазына өзінің ЕМАЭС-1 үлесін толық бақылаудағы  еншілес компаниясы «Самұрық-Энерго» АҚ-на өткізді. 2013 жылдың желтоқсан айында Серіктестіктің қатысушылары  Kazakhmys PLC тиесілі 50 пайыз үлесін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сатып алуы жөніндегі келісімге қол қойылғандығы туралы хабарлады. 07.01.2014ж. Kazakhmys PLC акционерлері сатып алу бойынша мәмілені мақұлдады.

31.03.2014ж. бастап «Самұрық-Энерго» АҚ қатысушының 100 пайыз үлесіне ие, ЕМАЭС-1 жалғыз қатысушысы болып табылады. 

2016.11.29
2016.11.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng