Қазақстан-Корея Іскерлік Кеңесінің жұмысы туралы

10 қарашада Қазақстан-Корея бизнес-форумы және Қазақстан-Корея Іскерлік Кеңесінің (ҚКІК) отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Корея Республикасына ресми іссапары аясында 10 қарашада Қазақстан-Корея бизнес-форумы және Қазақстан-Корея Іскерлік Кеңесінің (ҚКІК) отырысы өтті.

Қазақстан-Корея Іскерлік Кеңесінің тең төрағалары «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және Kolon Group аға атқарушы вице-президенті Шин Санг Хо (Shin Sang Hо) отырысты аша отырып, Іскерлік Кеңес аясында өткізілетін кездесулердің екі елдің мемлекеттік және бизнес құрылымдарының өзара іс-қимылының жоғары деңгейде өткенін айғақтайтынын атап кетті.

Іскерлік Кеңес бизнес-форумының жұмысына 350-ден астам компанияның өкілдері қатысты. Бизнес-форумның сессиялары мен Іскерлік Кеңес отырысының аясында жекешелендіру, мемлекеттік-жеке серіктестік, Қазақстанда өтетін алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, сондай-ақ жасыл энергетиканы дамыту келешегі саласындағы мәселелер талқыланды.

Бизнес-форум және Іскерлік Кеңес барысында денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, қаржы, сауда, туризм және т.б. салаларында жалпы сомасы 640,2 млн. АҚШ долларын құрайтын жобалар бойынша бас-аяғы 24 құжатқа қол қойылды.

Алмасадам Сәтқалиев бизнес-форумның қатысушыларына арнаған сөзінде: «Дүниежүзінің озық инновациялық экономикаларына ене отырып Корея өңірдегі және халықаралық алаңдағы маңызды ойыншы болып табылады және Қазақстанның бизнес-қауымдастығы үшін зор мүддеге ие», - деп атап кетті.

Жұмыс қорытындысы бойынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Қазақстан Даму банкі» АҚ, «Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «KAZNEX INVEST» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және тағы басқалар оңтүстік кореяның компанияларымен өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандум жасады.

Қазіргі таңда Қазақстанда өндіріс, сауда және қызмет, құрылыс, аргоөнеркісіптік кешен, консалтинг және қаржы, жер қойнауын пайдалану мен геологиялық барлау, энергетика, машина жасау, медицина және жеңіл өнеркісіп салаларында 465 оңтүстік кореялық және 27 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

2016.11.25
2016.11.30

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng