«Самұрық-Энерго» АҚ 4 ірі активті конкурстық тәсілмен сату туралы хабарлады

«Самұрық-Энерго» АҚ бірнеше ірі активті сату бойынша ашық екі сатылы конкурс туралы жариялады

«Самұрық-Энерго» АҚ бірнеше ірі активті сату бойынша ашық екі сатылы конкурс туралы жариялады: «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компания» АҚ акцияларының 100%-ы (ШҚАЭК); «Ақтөбе ЖЭО» АҚ акцияларының 100%-ы; «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ акцияларының 78,64%-ы (МЭБК) және «Тегис Мунай» ЖШС акцияларының 100%-ы («мангышлак Мунай» ЖШС-ны қоса алғанда). ШҚ АЭК 100% акцияларының бекітілген бастапқы бағасы 9,5 млрд теңгені; «Ақтөбе ЖЭО» АҚ 100% акцияларының - 7,7 млрд теңгені; МЭБК 78,64% акцияларының - 7,3 млрд теңгені; Тегис Мунай» ЖШС («мангышлак Мунай» ЖШС-ны қоса алғанда) 100% акцияларының - 16 млрд теңгені құрайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның талаптарына сәйкес, әлеуетті сатып алушылар электр энергетикалық компаниялардың қызмет бейінін сақтауы, сонымен қатар инвестициялық міндеттемелерді орындауы тиіс. Конкурстың өтетіні туралы ресми хабарлама 2016 жылғы 24 қарашадағы «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланды.

Электр энергетикалық активтер 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында сауда-саттыққа қойылды. Оларды іске асыру тетіктері ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен келісілді.

Сауда-саттық туралы толық ақпарат  мына сайтта:www.samruk-energy.kz

2016.11.25
2016.11.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng