Астанада еншілес компаниялардың баспасөз қызметтеріне арналған оқу өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарындағы еншілес ұйымдардың баспасөз хатшыларын біліктіліктілігін арттыруға жинады

Астанада еншілес компаниялардың баспасөз қызметтеріне арналған оқу өтті

«Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарындағы еншілес ұйымдардың баспасөз хатшыларын біліктіліктілігін арттыруға жинады. Әріптестерді PR  дағдылары мен тиімді әдістеріне үйрету үшін «Имидж-Медиа» баспа үйінің негізін салушы және басшысы, «Пресс-служба» ресей журналының бас редакторы  Тимура Аслановты шақырды.

«Компанияның беделі мен имиджі – «Самұрық-Энерго» АҚ бизнес-қызметінің негізінде жатқан басты санаттардың бірі. Сондықтан біз PR-мамандарымыздың біліктілігі мен кәсіби дағдыларын арттыруға мән береміз», - дейді «Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар офисінің басшысы Қанат Айменов.

Курс компания қызметінің салалық ерекшелігі мен әлеуметтік бағыттылығын ескерді. Бұқаралық ақпарат құралдарын қызықтыру үшін қандай ақпарат керек, оны қалай жеткізу қажет, баспасөз хабарламасын дұрыс жазу мен ақпараттық себеп табу, оны жұртшылыққа бере жеткізе білу керектігі сөз болды. Теория практикалық жаттығулармен және кейстермен бекітілді. Алған білім компанияның ақпараттық ашықтығы мен мөлдірлігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Қатысушыларға  алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі ақпараттық-имидждік жұмысқа байланысты тапсырмалар мен басымдықтар берілді.

Семинарға «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «АЭС» ЖШС, «Грин-Энерджи» ЖШС, «Маңғыстау АЭК» АҚ өкілдері қатысты. Әріптестер ү.ж. тамызда қаза болған Алматы энергетикалық кешені ОҚКЖО басшысы Жандарбек Қатпабаевты еске алды. Осы жиында Самұрық-Энерго тобындағы жұртшылықпен байланыс бөлімдерінің үздік өкілдеріне сыйақы беру ұсынылды.

Суретте: оқуды ойдағыдай аяқтағаны үшін сертификаттар тапсыру сәті.  

2016.10.07
2016.11.15

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng