Активтерді сату тәсілі анықталды

«МЭБК» АҚ, «ШҚ АРЭК» АҚ («Шығысэнерготрейд» ЖШС-ны қоса алғанда), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «ТегисМунай» ЖШС («Мангышлак Мунай» ЖШС-ны қоса алғанда)

Активтерді сату тәсілі анықталды

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 17.10.16 ж. шешімімен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның мына активтеріне қатысты сату тәсілі ретінде ашық екі кезеңді конкурс өткізу бекітілді: «МЭБК» АҚ, «ШҚ АРЭК» АҚ («Шығысэнерготрейд» ЖШС-ны қоса алғанда), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «ТегисМунай» ЖШС («Мангышлак Мунай» ЖШС-ны қоса алғанда).  

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры Қайрат Мақсұтов Мемлекеттік комиссияның шешімі активтерді сату алдындағы кезеңнің аяқталғанын және сатудың басталғанын көрсетеді деп атап өтті. Қажетті корпоративік шешімдер қабылданғаннан кейін аталған активтер сауда-саттыққа шығарылатын болады.

2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 ҚР Үкіметінің «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін жеті компанияны бәсекелес ортаға сату бойынша жұмыс жүргізілуде: «МЭБК» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ ((«Шығысэнерготрейд» ЖШС-ны қоса алғанда), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «ТегисМунай» ЖШС («Мангышлак Мунай» ЖШС-ны қоса алғанда), «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ және «АЭС» ЖШС.

2016.10.31
2016.11.01

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng