Самұрық-Энерго тобы кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы

Самұрық-Энерго тобының энергия өндіруші және энергия жеткізуші компаниялары күзгі-қысқы кезеңге көшуге дайындық паспорттарын мерзімнен бұрын алды

Самұрық-Энерго тобы кәсіпорындарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы

Самұрық-Энерго тобының энергия өндіруші және энергия жеткізуші компаниялары күзгі-қысқы кезеңге көшуге дайындық паспорттарын мерзімнен бұрын алды.

Дайындық паспорттары жабдықтарды жоспарлы жөндеу жұмыстарын аяқтаған, отын қоры жеткілікті және энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ететін бірқатар басқа да нормативтік көрсеткіштерді орындаған кәсіпорындарға беріледі.  

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Маңғыстау ЭБК» АҚ, «АЖК» АҚ және «ШҚ АЭК» АҚ дайындық паспорттарын мерзімнен бұрын алды. Энергетика министрлігі белгілеген күзгі-қысқы маусымға дайындық паспорттарын алу мерзімі – 2016 ж. 1 қараша.

Белгіленген кесте бойынша, Алматы, Ақтөбе қалалары және Солнечный кенті жылумен қамтамасыз етілді. 10 қазаннан бастап мектепке дейінгі, мектеп және медицина мекемелеріне, 15 қазаннан бастап – Алматы қаласының тұрғын үй секторына жылу берілді. 1-ЖЭО-ның үздіксіз жұмысы істеуі үшін талап етілетін көлемде табиғи газ жеткізілді. Қазіргі уақытта «АлЭС» жылу станцияларында отынның талап етілетін пайдалану қоры жинақталды. Жылумен және электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін барлық жоспарланған ұйымдастыру-техникалық шаралар орындалды.

Павлодар облысындағы «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 3 қазаннан бастап Екібастұз қаласының қала маңындағы Солнечный кентін жылумен қамтамасыз етті. «Ақтөбе ЖЭО» АҚ 1 қазаннан бастап Ақтөбе қаласының желілеріне жылу берді.

2015 жылдың қорытындылары бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы электр энергиясының 25%-ын өндірген немесе ол - елдегі өндірілген әрбір төртінші киллоВатт/сағ. тең. Топтың электр станцияларының белгіленген қуаты 6,8 ГВт немесе Қазақстан БЭЖ-і қуатының 1/3-ін құрайды.

«ШҚ АЭК» АҚ, «АЖК» АҚ мен «МЭБК» АҚ-ның қызмет көрсететін аумағының жиынтық көлемі тұтынушыларының жалпы саны 1,250 млн. болатын      550 мың шаршы км-ден асады.   

2016.10.20
2016.10.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng