Екібастұз ГРЭС-2 –де №1 энергоблокты күрделі жөндеуден өткізу мерзімінде аяқталды

2016.09.28
2016.09.28

Екібастұз ГРЭС-2- де бірінші энергоблокты күрделі жөндеуден өткізу аяқталды. 26 қыркүйекте іске қосу операцияларын сәтті өткізгеннен кейін блок желіге қосылды

Екібастұз ГРЭС-2 –де №1 энергоблокты күрделі жөндеуден өткізу мерзімінде аяқталды

Екібастұз ГРЭС-2- де бірінші энергоблокты күрделі жөндеуден өткізу аяқталды. 26 қыркүйекте іске қосу операцияларын сәтті өткізгеннен кейін блок желіге қосылды. Алдағы 48 сағат энергоблок бақылаудағы пайдалану режімінде жұмыс істейтін болады.

Кестемен белгіленген мерзімдерде (2016 жылдың 5 шілдесінен бастап 26 қыркүйегі аралығында) №1 энергоблокта трансформатор, генератор және электрқозғалтқыштарды күрделі жөндеуден өткізу бойынша  жоспарланған жұмыс көлемі орындалды. Қазанагрегатының жоғарғы қыздыру беттерін ауыстыру, қосымша жабдықтарды жөндеу сияқты жұмыстар жүргізілді.

«5 шілдеден бастап №1 энергоблок ұзақтығы 84 тәулік күрделі жөндеуден өтуге тапсырылды. Жөндеу бағдарламасы бойынша есертулер жоқ, жұмыс көлемін және аяқтау мерзімін орындап шықтық», - деді Екібастұз ГРЭС-2 жөндеу жөніндегі бас инженері Серікбай Жалиев.

2016 жылғы жөндеу кампаниясы барысында белгіленген қуаты 500 мВт №2 энергоблок  ағымдағы жөндеуге шығарылған болатын.

Жөндеу жұмыстарының жүзеге асырылған кешені энергетикалық жабдықтардың пайдалану мерзімін ұзартуға, энергоблок жұмысының сенімділігін және үнемділігін арттыруға мүмкіндік береді, соның ішінде  күзгі-қысқы кезеңде.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng