«Самұрық-Энерго» АҚ ҚХР компанияларымен бірлесіп ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады

Қытай Халықаралық Су Шаруашылығы және Энергетика Корпорациясы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның стратегиялық серіктесі болмақ

«Самұрық-Энерго» АҚ ҚХР компанияларымен бірлесіп ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады

«Самұрық-Энерго» АҚ ҚХР компанияларымен бірлесіп ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырады.

Қытай Халықаралық Су Шаруашылығы және Энергетика Корпорациясы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның стратегиялық серіктесі болмақ. 2014-2015 жж. қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін перспективті инвестициялық жобалар бойынша меморандумдар мен келісімдер жасалды.

Олардың қатарында Кеңсу өзенін Мойнақ СЭС-тің Бестөбе су қоймасына бұру, Іле өзенінде Кербұлақ СЭС контрреттегішін салу, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясы мен Алматы облысында шағын СЭС-тер салу жобалары бар.

Жаңарған инновациялық технологиялардың арқасында бұл жобалар қоршаған ортаға шығарылатын жүктемені азайтып, экологиялық таза электр энергиясын өндіруді арттыруға ықпал етеді. Өңірдің су және жел әлеуетін пайдалану тиімділігін арттыруды ескере отырып, бұл жобаларға жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетуде.

Балама энергетиканы дамыту бойынша жоспарланып отырған объектілер индустрияландыру және инвестициялар саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығы бағдарламасы бойынша жобалар тізбесіне енгізілді. 

Жобаларды іске асыру тіркелген тарифтердің қазіргі деңгейі өтелімділік тұрғысынан жеткіліксіз болуына байланысты тоқтатылды. Инвесторлармен жұмысты жаңғырту үшін ЖЭК-ке тарифтерді индекстеу қажет. Осы мақсатта «Самұрық-Энерго» АҚ уәкілетті реттеуші мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізуде. 

2016.09.23
2016.09.23

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng