«Алматы электр станциялары» АҚ: Алматы 2-ші ЖЭО-ның №8 қазандық агрегатын іске қосу

2016.09.21
2016.09.21

2016 жылғы 21 қыркүйекте Алматы 2-ші ЖЭО-ны қайта құру және кеңейту аясында №8 қазандық агрегатын іске қосу рәсімі өтті

 2016 жылғы 21 қыркүйекте Алматы 2-ші ЖЭО-ны қайта құру және кеңейту аясында №8 қазандық агрегатын іске қосу рәсімі өтті. Іске қосу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Б. Байбек, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы А. Сәтқалиев, «Алматы электр станциялары» АҚ Басқарма Төрағасы Н. Мұхамед-Рахимов қатысты.

- Жаңа қазандықты іске қосу «Универсиада-2017» жаңа объектілері, «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша индустриялық аймақ пен құрылыстар сияқты қаланың өсіп келе жатқан мұқтаждықтарын қамтамасыз етеді, - деді «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Жобаның құны 25,7 млдр. теңгені құрайды. № 8 қазандық агрегатын іске қосу 2-ші ЖЭО-ның жылу қуатын 1 176 Гкал/сағаттан 1 414 Гкал/сағатқа дейін 20%-ға арттырады және жылына қосымша 450 млн. кВтс электр энергиясын өндіруін қамтамасыз етеді.


Анықтама:

Қазандықтың габариті:

  • биіктігі: 42 метр;
  • тереңдігі  – 20 м, ені  – 14,5 м.
  • салмағы: 3 265 тонна;
  • от жағу камерасының көлемі - 1900 текше метр
  • су көлемі – 83 текше метр
  • бу көлемі – 71 текше метр

Негізгі параметрлері:

  • номинал өнімділігі - 420 тоннаағ
  • бу температурасы - 560°С
  • бу қысымы – 140 атмосфера
  • жақсартылған экологиялық көрсеткіштері бар ПҚК –  92,3% - дан кем емес. 

Байланыс:

  • www.ales.kz
  • тел.: +7 (727) 227 70 18, +7 (701)7275544

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng