Отандық энергетиктер өзара мықтыны анықтайды

Мақсаты – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдау, электр тарату желілерінде қызмет көрсету барысында жарақаттану деңгейін төмендету болып табылатын сайысқа республиканың әр өңірінен 9 команда қатысады

Отандық энергетиктер өзара мықтыны анықтайды

Бүгін Қарасай аудандық электр тораптарының оқу-дайындық полигонында электр желілерін жедел жөндеу бригадалары арасында өтетін 5 күндік Республикалық жарыстың ашылу салтанаты болып өтті. 

Алматы қаласы мен облысының 2,5 млн астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарыстың ашылуына Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев, Алматы қаласы әкімдігінің энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ермек Үсенбаев, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Ғани Сәлімжуаров, ардагер энергетиктер Кеңесінің төрағасы Советхан Нұрпейісов және өзге де энергетикалық компаниялардың басшылары қатысты.

Мақсаты – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, шеберліктерін шыңдау, электр тарату желілерінде қызмет көрсету барысында жарақаттану деңгейін төмендету болып табылатын сайысқа республиканың әр өңірінен 9 команда қатысады.

Атап айтқанда:

«Алатау Жарық Компаниясы" АҚ

«Ақмола электр желілерін тарату компаниясы» АҚ

«Талдықорған Акционерлік Көліктік Электр Желілік Компаниясы»АҚ

«Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ

«Қарағанды Жарық» ЖШС

«Қызылорда ЭТТК» АҚ

«Маңғыстау электр тораптық Бөлу Компаниясы» АҚ

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

«Шығыс-Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ.

Тұтынушыларды жарықпен үздіксіз қамту – энергетиктердің басты міндеті. Үзілген сымдарды лезде жалғап, тоқ көзінен ажырап қалған электр бағаналарын сапалы қалпына келтіру жедел-жөндеу тобына жүктелетін міндет. Осы ретте мамандар өз істерінің хас шебері екендерін дәлелдеуі қажет. 5 адамнан құралған команда 7 сыннан сүрінбей өтулері керек.

Алғашқы кезеңде энергетиктер техникалық қауіпсіздік бойынша білімдерін көрсетіп, емтихан тапсырады. Екінші кезеңде тоққа түскен адамды ажалдан құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетуі тиіс. Бұдан кейін кернеуі 0,4кВ және 10кВ-тық сымдарды, жарық бағаналарын ауыстыру, аса жоғары кернеулі электр желілерін жалғап, ажырату,трансформаторда тұтанған өртті өшіру сынды кезеңдерден тұрады. Басты талап – еңбек қауіпсіздігі ережелерін жатқа білу.

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен, медальдармен, ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады деп күтілуде. Бас жүлдеге арнайы екі автокөлік тігіліп отыр. 


ЖҚКО – Алматы энергокешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысының 2,5 млн астам тұрғынын жарықпен қамтып отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына электр қуатын жеткізумен және таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе. «АЖК» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.

«Алматы электр стансалары» АҚ («АлЭС» АҚ) – Алматы қ. және Алматы облысына жылу және электр энергиясын өндіруші компания.Байланыстар:

ЖҚКО директоры: Найзабек Олжабайұлы

Алматы Энергокешенінің қоғаммен байланыс бойынша Жалпы қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО)

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,

www.esalmaty.kz

тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05

ұялы тел.: +7 701 718 82 38

«АЖК» АҚ баспасөз қызметі

Тел: +7(727) 376 19 46

Ұялы тел: +7 701 529 50 81

2016.09.17
2016.09.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng