Алматы облысында үздік электрик анықталатын күн жақын

2016.09.14
2016.09.14

Жарыс бір аптаға созылады. Жылда өтетін дәстүрлі сайыс 7 кезеңнен тұрады

Алматы облысында электриктер арасында республикалық байқау басталды. Жарыс бір аптаға созылады. Жылда өтетін дәстүрлі сайыс 7 кезеңнен тұрады. Бұл жолы электриктер еліміздің 9 өңірінен барыпты. Алдымен, мамандар теориялық білімін сарапқа салады. Кейін жарық бағаналарын ауыстырып, кернеуі 10 киловольттық сымдар мен электр желілерін жалғайды. Тіпті трансформаторда тұтанған өртті өшіріп, тоққа түскен адамға көмек көрсетеді.

арыстың мақсаты – сала қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, өзара тәжірбие алмасуға мүмкіндік беру. Жеңімпаз команда сенбі күні анықталады. Бас жүлде – екі автокөлік. Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтары да бар. Мұндай сайыстар жастардың энергетика саласына қызығушылығын арттырып, маман тартуға ықпал етеді етеді - дейді ұйымдастырушылар.

Шаймерден Оразалинов, жарысты ұйымдастырушы комитеттің мүшесі: - Бүгінде елімізде сала мамандарының жетіспеушілігі орташа есепппен алғанда 20 пайыздай. Бұл олқылықтың орнын толтыруға осындай жарыстар септігін тигізеді. Сондай-ақ еңбек нарығында бәсекелестік те арта түседі. 

Источник: 24.kz

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng