Самұрық-Энерго АҚ — «Самұрық-Қазына» АҚ IV спартакиадасының қола жүлдегері

2016.09.13
2016.09.14

11 қыркүйекте Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында IV спартакиада аяқталды, оған 19 команда қатысты

Самұрық-Энерго АҚ — «Самұрық-Қазына» АҚ IV спартакиадасының қола жүлдегері

11 қыркүйекте Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында IV спартакиада аяқталды, оған 19 команда қатысты.

Жалпыкомандалық ойындар қорытындысы бойынша, «Самұрық-Энерго» АҚ құрамасы 101 балл жинап, 3-ші орынды иеленді. «Самұрық-Энерго» АҚ қоржынында 19 қола және 3 күміс медаль бар. Армрестлинг бойынша жеке жарыста богатырьлық Инесса Суханова мен Алексей Сазонов күміс наградаларды жеңіп алды. Шахмат жарысында тағы бір күміс жүлдеге Еркін Құрманбаев ие болды. Екатерина Ережепова үстел теннисі жарысында қола медальді жеңіп алды. Мұндай жүлдені волейболшылар мен футболшылар командалары иеленді. «Самұрық-Энерго» АҚ құрамасы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ қызметкерлерінен құралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы IV спартакиадада 19 еншілес және тәуелді ұйымдардың ұжымдарынан 350-ге жуық қызметкер қатысты. Барлығы 78 медаль тігілді. Жарыс спорттың мынадай 5 түрі бойынша өтті: мини-футбол, волейбол, армрестлинг, үстел теннисі және шахмат.

Қор Спартакиадасының тұрақты қатысушы – «Самұрық-Энерго» АҚ құрама командасы 2014 жылдан бастап қатарынан бірнеше жыл бойы жалпыкомандалық есепте жүлделі орындарға ие болып, жарысты көшбасшылар ретінде аяқтауда. Қызметкерлер арасында спорттан дайындық деңгейінің жоғары болуы компания басшылығының кәсіподақтың қатысуымен өткізетін мақсатқа бағытталған әлеуметтік саясатының нәтижесі болып табылады. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng