Samruk-Green Energy – жасыл энергетиканы дамытады

2016.09.07
2016.09.07

«Samruk-Green Energy» ЖШС Қазақстан Республикасының Алматы энергетика және байланыс университеті (бұдан әрі - АЭБУ) және ҚБТУ сияқты техникалық ЖОО-ларымен белсенді ынтымақтастық арқылы күн энергетикасын дәріптеу бойынша жұмыс жүргізетінін хабарлады

Samruk-Green Energy – жасыл энергетиканы дамытады

Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауларында елдің дамудың «жасыл» жолына және төмен көміртекті экономикаға көшуіне нақты бағдарлары белгіленген.

«Samruk-Green Energy» ЖШС-ның бас директоры Жомарт Момынбаев компания өндірістік және зерттеу бағыттарын табысты дамытатынын атап өтті. 2015 жылы қуаты 2 МВТ КЭС негізінде ЖЭК-ті эксперименттік-зерттеу зертханасы құрылды. Бұнда түрлі фотоэлектрлік модульдерге (монокристалдық, поликристалдық, үлдірлі және т.б.) тестілеу жүргізілуде. 2015 жылы қуаты 2 МВт КЭС-те қуаты 3,68 кВт «Astana-Solar»ЖШС шығарған фотоэлектрлік модульдер тестілеуден өтті. Қапшағай қаласы ауданында болашақта қуатын 100 МВт-ға дейін арттыра отырып, қуаты 50 МВт «Солар-Парк» күн электр станциясын салу бойынша жоба пысықталуда.

«Samruk-Green Energy» ЖШС-ның Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясының басшысы Владимир Измайлов қазіргі уақытта «Samruk-Green Energy» ЖШС Қазақстан Республикасының Алматы энергетика және байланыс университеті (бұдан әрі - АЭБУ) және ҚБТУ сияқты техникалық ЖОО-ларымен белсенді ынтымақтастық арқылы күн энергетикасын дәріптеу бойынша жұмыс жүргізетінін хабарлады. 2016 жылғы мамыр айында «Samruk-Green Energy» ЖШС АЭБУ-мен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, оның аясында ұйымдар ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2017-2019жж. арналған ғылыми-инновациялық, ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына бірлесіп қатысады.

АЭБУ-ның Электр энергетикалық факультеті деканының орынбасары Алмаз Саухимов ынтымақтастықтың негізгі мақсаты ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту, сондай-ақ ЖЭК-ті қолдану негізінде энергетиканы дамыту үшін ғылыми кадрларды дайындау болып табылатынын хабарлады. Бірлескен жұмыс барысында қазіргі уақытта ең өзекті жобаларының тақырыптары таңдалды, атап айтқанда:

  1. «Тарату желілерінде ЖЭК – ті пайдалана отырып электр энергиясының шығынын азайту»;
  2. «KEGOС» АҚ мен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – ның 220-110 кВ электр желілеріне ЖЭК-ті кіріктіре отырып, қуат ағынын таратуды басқаруға жүйелі көзқарас;
  3. «Шалғай елді мекендер үшін MicroGrid қағидаты бойынша энергиямен жабдықтау жүйесін әзірлеу»;
  4. «Қапшағай қаласындағы 2 МВт КЭС-те электр энергиясын өндіруді болжамдау бойынша әдіснама әзірлеу және бағдарламалық-аппараттық құралдарды құру»;
  5. «Күн электр станциясының өндірістік орын-жайларын энергиямен қамтамасыз етудің аралас энергия үнемдеуші жүйесін әзірлеу».

«Samruk-Green Energy» ЖШС жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іске асыру мақсатында 2012 жылы құрылды, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады. 2013 жылы Қапшағай қаласындағы салынған қуаты 2 МВт күн электр станциясы (КЭС) - өнеркәсіптік ауқымда жүзеге асырылған алғашқы күн жобаларының бірі. 2016 жылдың басынан бері электр энергиясын өндіру көлемі 2,2 млн кВт*с-ға жетті, бұл атмосфераға 4 мың тонна СО2 шығарындыларының тасталуының алдын алды. КЭС іске қосылғалы бері (2014 ж.) экологиялық таза электр энергиясы 4 есеге өсіп, өндіру көлемі  6,6 млн кВт*с-дан асты.

2016 жылдың наурызынан бастап электр энергиясын жинақтау технологиясы (EnergyCell) өнеркәсіптік ауқымда сынақтап өтіп жатыр. Primus Power өндірісінің EnergyCell технологиясы (калифорниялық старт-ап)  ЖЭК-ті желіге кіріктіру және энергиямен жабдықтау сапасын арттыру бойынша инновациялық шешім болып табылады. ЖЭК-тен электр энергиясын жинақтау технологияларын практикада қолдану Қазақстанда экологиялық таза электр энергиясын өндіру саласындағы көшбасшы – «Самұрық-Энерго» АҚ-ның стратегиясын жүйелі түрде іске асыру жолындағы тағы бір қадам.


Primus Power*  – ағынды типтегі батареялар негізінде электр энергиясын ұзақ уақыт бойына жинақтау жүйелерін өндіру бойынша калифорниялық старт-ап. Ол энергияны желілік жинақтау технологиясы саласындағы көшбасшы болып табылады. Компанияның EnergyPod® сауда белгісімен шығатын жабдығы – бұл химия, молекулярлық технологиялар және электр желілерін жобалау саласындағы 25 инновациялық патент.

Сайт: www.samruk-green.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баланыс телефондары:

Марат Мұхамедсалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз хатшысы , +7(7172)553062   

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng