«CrossFit Astana Вolashak Cup2016» күміс кубогы

20 тамызда Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда алты корпоративтік команда «CrossFit Astana Вolashak Cup2016» кубогына таласты

«CrossFit Astana Вolashak Cup2016» күміс кубогы

20  тамызда Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда алты корпоративтік команда «CrossFit Astana Вolashak Cup2016» кубогына таласты.  

Жарыс регламенті бойынша, 6 адамнан құрылған әр команда құрамында 4 жігіт пен 2 қыздан  тұрды.  «Болашак» қауымдастығы, «Самұрық-Энерго» АҚ, «CVL» ЖШС, «Даму» қоры, «Reebok» компаниясы және Назарбаев Университет түлектерінің қауымдастығы командалары міндетті талаптарды орындап, жарысқа рұқсат алды. Жүлделі орындар мен спорттық команданың өз атағы үшін жарыстар үш кезеңнен тұрды, олар – ескек есу, арбамен сендбэгтерді тасу және эстафета. «Самұрық-Энерго» АҚ командасының қатысушысы Әнуар Әбітаев дайындық барысында компания қызметкерлерінің бір-бірімен жақындасып, жұмыла түскенін айтады. «Команданың жеңісін қатты шаршау, адамға күш түсіретін шамадан тыс жүктемелерден жоғары қоя білгендіктен, жаттығу кезінде біздің әрқайсымыз күштірек бола түстік»- дейді.

Ойын нәтижелері бойынша кубокты «Болашак» қауымдастығының командасы жеңіп алып, 600 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Екінші орынды «Самұрық-Энерго» АҚ командасының қатысушылары (300 мың теңге) иеленді.  Көшбасшылар үштігін Назарбаев Университет түлектерінің қауымдастығы командасы тұйықтады.   

Cross Fit – спорттағы жаңа әрі стандартты емес бағыт. Ең алғыр, ең шапшаң әрі ең күшті команданы анықтауға арналған жарыс осымен қатарынан екінші рет өтіп отыр. Былтыр кубок үшін күрес Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында өткен болатын. Бұл іс-шараны ұйымдастырушылар - «Болашак» қауымдастығы, «CrossFit Astana» республикалық желісі биыл Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен елордада өткізді. 

2016.08.22
2016.09.05

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng