Ұялы қосымша Шығысэнерготрейд тұтынушыларының уақытын үнемдейді

2016.08.31
2016.08.31

«Шығысэнерготрейд» ЖШС ұялы қосымшасы өз жеке шотыңды оңай басқаруға және компанияның барлық соңғы жаңалықтарынан хабардар болуға мүмкіндік береді

Ұялы қосымша Шығысэнерготрейд тұтынушыларының уақытын үнемдейді

«Шығысэнерготрейд» ЖШС ұялы қосымшасы өз жеке шотыңды оңай басқаруға және компанияның барлық соңғы жаңалықтарынан хабардар болуға мүмкіндік береді.   

Енді энергиямен жабдықтау ұйымының тұтынушылары смартфондары мен орнатылған бағдарламаның көмегімен «Шығысэнерготрейд» ЖШС дерекқорынан ақпарат ала алады, ал бұл уақыт пен шығынды айтарлықтай үнемдейді. 

Тегін ұялы қызмет (Ұялы қосымша) «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынушыларына электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін беруге, есептеу, төлем мен берешек жөніндегі ақпаратты көруге, салыстыру актісін және төлем шотын негіздеуге мүмкіндік береді.   

Сонымен қатар ұялы қосымша энергиямен жабдықтау ұйымының қызметтерімен танысуға мүмкіндік береді – тұтынылған электр энергиясы үшін төлеу тәсілдері, шотты жеткізудің баламалы тәсілдеріне жазылу, Байланыс-орталығының телефонын анықтау, өз пікіріңді қалдыру және компанияның техникалық қолдауына жүгіну. 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС ұялы қосымшасы Android үшін Play Market дүкендерінен жүктеуге болады. Қосымша жыл соңына дейін IOS және Windows үшін қолжетімді болады.  

«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 480 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 000-нан астамы – заңды тұлғалар.  


Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар:  Татьяна Павлова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32; Асель Баденова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6368) , ұялы тел.: +7 701 221 71 38.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng