Жаңа турбиналық агрегат Ақтөбе ЖЭО қуатын 34%-ға ұлғайтты

2016.08.29
2016.08.29

Мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Ақтөбе ЖЭО-да жаңа турбиналық агрегат іске қосылды

Жаңа турбиналық агрегат Ақтөбе ЖЭО қуатын 34%-ға ұлғайтты

Мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Конституциясының күні қарсаңында Ақтөбе ЖЭО-да жаңа турбиналық агрегат іске қосылды. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 88-ден 118 МВт-ға дейін ұлғайтты, ол жылына 240 млн. кВтс көлемінде қосымша электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді. 

- Ақтөбе ЖЭО-да құны 3,5 млрд теңге тұратын инвестициялық жобаны ойдағыдай аяқтау облыс орталығы тұтынушыларын жылумен және электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, - деп атап өтті «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасалам Сәтқалиев.

2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның жабдықтарды жаңғырту мен жаңартуға салған күрделі салымдары  5 млрд. теңгеден асты. Кәсіпорында жаңа №3 турбиналық агрегатты салудан басқа, өз инвестициялары есебінен су тазарту және дайындау жүйесі орнатылды, станцияның жеке мұқтаждықтарын көшіру бойынша кернеуі 6,3 кВ-ға 3,15 кВ болатын 2 секцияның жабдықтары ауыстырылды, жаңа желдеткішті градирлік құрылыс пен циркуляциялық сорғы іске қосылды.  

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ Ақтөбе қаласын бірден-бір орталықтандырылған жылумен жабдықтаушы көз болып табылады. Станция 1943 жылдың қаңтарынан бастап өнеркәсіптік токты өндіріп келеді. 

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ пакетінің 100% меншік иесі «Самұрық-Энерго» АҚ болып табылады. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng