Еңбек ардагерлері Екібастұз 1-МАЭС-ты аралады

2016.08.09
2016.08.24

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтың бастамасы бойынша еңбек ардагерлері үшін бірқатар қала кәсіпорындарын аралау мүмкіндігі туды. Олардың қатарында Екібастұз 1- МАЭС станциясы да бар

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтың бастамасы бойынша еңбек ардагерлері үшін бірқатар қала кәсіпорындарын аралау мүмкіндігі туды. Олардың қатарында Екібастұз 1- МАЭС станциясы да бар.

МАЭС-1 бас директоры Рыскан Свамбаев  делегация мүшелеріне жобаланған қуаты 4000 мВт құрайтын станцияның құрылу тарихы, энергия жабдықтарын жаңғырту мен қайта келтіру бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды инвестициялық бағдарлама жайын әңгімеледі. 2010 және 2014 жылдар аралығында жаңалау және қалпына келтіру бағдарламасы аясында үшіншіден бастап жетіншіге дейінгі энергия блоктарының электр сүзгілері қолданысқа беріліп, №2 и №8 энергия блоктары жаңартылды.  Машина залында ардагерлер  жаңа қазандық пен турбина жабдықтарының жұмысымен танысты, №1 энергия блогын аралап көріп, 2014 жылы қолданысқа енгізілген №2 блок жұмысын көрді.

Ардагерлер ХСТ цехын аралап, химиялық су тазарту жүйесін жаңғырту жобасының барысымен танысты. Жоба аясында ионды алмастыру әдісі мембраналық технологияға ауысты, бұл дегеніміз кері осмос, ультра сүзгі және электрмен деонизация жүргізуді қолдану.

Екібастұз 1- МАЭС – Қазақстан аумағындағы осы технологияны енгізген алғашқы кәсіпорын болып табылады.  Жоба бойынша жабдықтың өнімділігі 400т/с дейін.

Екібастұз 1- МАЭС басшылары қонақтарға қазіргі кезеңде станцияда ОРУ -500 құрылғысын жаңғырту жүргізіліп жатқанын хабарлады, жұмыс аяқталып та қалды, жыл соңына нысанды іске қосу жсопарланып отыр. Қазір бөлшектеу жұмыстары жүріп жатыр, №1 энергия блогына жаңа жабдықтар жеткізілуде, энергия блогы 2017 жылы өз жұмысын жалғастыратын болады. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng