«Карагандагипрошахт и К» ЖШС мен «Шелек-28» ЖШС-н сату туралы

2016.08.17
2016.08.17

2016 жылы 30 маусымда өткізілген сауда-саттықтың қорытындысы бойынша «Карагандагипрошахт и К» ЖШС-ға 90,0004% қатысу үлесін «Energy Partner» ЖШС, ал «Шелек-28» ЖШС-ға 70% қатысу үлесін Бауыржан Маратұлы Оразымбетов (ЖК) сатып алды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да жекешелендіру жөніндегі іс-шаралар аясында «Карагандагипрошахт и К» ЖШС мен «Шелек-28» ЖШС-ның қатысу үлесін сату мәмілелері аяқталды. Сауда-саттық Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz) электронды аукцион тәсілімен ойдағыдай өткізілді.

2016 жылы 30 маусымда өткізілген сауда-саттықтың қорытындысы бойынша «Карагандагипрошахт и К» ЖШС-ға 90,0004% қатысу үлесін «Energy Partner» ЖШС, ал «Шелек-28» ЖШС-ға 70% қатысу үлесін Бауыржан Маратұлы Оразымбетов (ЖК) сатып алды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулысымен «Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін кейбір компанияларды бәсекелес ортаға беру көзделген. Маңыздылығы мен басымдығы бойынша активтер екі негізгі тізбеге бөлінген:

№1 тізбе (бәсекелес ортаға беру басымдығына қарай ұсынылатын активтер):  «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «ШҚ АЭК» АҚ (құрамында «ШЭТ» ЖШС бар), «МЭБК» АҚ, «Тегіс-Мунай» ЖШС (құрамында«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС бар).

№2 тізбе: «Карагандагипрошахт и К» ЖШС; «Шелек-28» ЖШС.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

«Карагандагипрошахт и К» ЖШС 12.05.2006ж. Қарағанды қаласында тіркелген. Қызмет бейіні: сәулет пен құрылыстық жобалау, инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау (көмір шахталары мен кесіктері, кеніштер мен каръерлер). «Шелек-28» ЖШС 13.07.2010ж. Алматы қаласында тіркелген, жаңартылатын көздерден электр энергиясын өндіру және сату жөніндегі жобалау компаниясы, қазіргі кезде жұмыс жасамайды. 

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng