«Богатырь Көмир» ЖШС: Кәсіби шеберлік конкурстары

2016.08.12
2016.09.16

«Богатырь Көмір» ЖШС-да күш агрегаттары машинистерінің арасында «Мамандығы бойынша ең үздік» аталымы бойынша дәстүрлі конкурс өтті

Екі кәсіби мереке – Теміржолшылар күні мен Шахтерлар күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-да күш агрегаттары машинистерінің арасында «Мамандығы бойынша ең үздік» аталымы бойынша дәстүрлі конкурс өтті.

Кәсіби шеберлік жарысына темір жол бейінінің он маманы қатысты. 

Конкурс теориялық бөлікпен ашылды, бұл кезеңде қатысушылар өздерінің білім-біліктерін көрсетуі тиіс болатын. Оларға 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары таратылды. Конкурс шарты бойынша  қатысушы әрбір дұрыс жауабы үшін бір ұпай жинап отырды. Бірінші турдың қорытындысы бойынша: ардагерлер  арасынан – В.Колесников (48 ұпай), жастар арасынан  - А. Шаймерденов (47 ұпай) алға шықты.

Одан кейінгі өткен жеребе қатысушылардың практикалық жарыс кезегін анықтады. Бұл кезеңде әрбір қатысушыдан машинаны басқарудағы озық дағды мен кәсіби ұтқырлық талап етілді, олар арнайы белгіленген тақтайшаны құлатпай күш агрегатын орнатуы тиіс болатын. Практикалық тапсырманы сәтті орындап, ардагерлерден  Д.Макушин, жастардан Б. Батагов алға шықты. Екі турдағы ұпай саны бойынша жас мөлшерінің әрбір тобы бойынша жеңімпаздар үштігі анықталды. Ардагерлер арасында: Рамазан Нұрашев - 1 орын (94 ұпай); Дмитрий Макушин – 2 орын (92 ұпай); Вячеслав Зорин – 3 орын (91 ұпай). Жастар арасында – Борис Батагов – 1 орын (91 ұпай); Айдын Шаймерденов – 2 орын (77 ұпай); Евгений Житников – 3 орын (75 ұпай).

Барлық жүлдегерлерге Құрмет грамоталары, жеңіс кубогы, сыйлықтар мен ақшалай жүлделер тапсырылды. Конкурсқа қатысқан өзге де мамандарға көтермелеу сыйлықтары берілді. 

Осыдан бір апта бұрын осындай конкурс ОПЭ-1 және тепловоз машинистері арасында өткен болатын. Ол жарыста жеңімпаздар үштігін: «ОПЭ-1 машинистері  (жастар)» санатында – Евгений Репников (1 орын), Денис Посунько (2 орын), Михаил Литвиненко (3 орын); «ОПЭ-1 машинистері  (ардагерлер)» санатында - Владислав Брандуков (1 орын), Александр Прокопенко (2орын), Денис Ольхов (3 орын); «Тепловоз машинистері » санатында - Руслан Сыздыков, (1 орын), Андрей Бутров (2 орын), Александр Ефимов (3 орын) құрады.          

Қанат АЛДАБАЕВ, Олег МАЛЬЧУК суреті

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng