Екібастұз ГРЭС-2 станциясында №1 энергия блогын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгінде жұмыстың жалпы көлемінің 1/5 бөлігі орындалды. Турбина ашылды, қазандық агрегатының қыздыру беттерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді, трансформатор, генератор және электр қозғалтқыштар күрделі жөндеуден өткізілді

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының  белгіленген қуаты 500 МВт №1 энергия блогы 2016 жылдың 5 шілдесінде 84 тәулікке созылатын күрделі жөндеуге шығарылды. Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

 «Күрделі жөндеу жұмыстары төрт жылда бір рет өткізіледі. Бүгінде жұмыстың жалпы көлемінің 1/5 бөлігі орындалды. Турбина ашылды, қазандық агрегатының қыздыру беттерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді, трансформатор, генератор және электр қозғалтқыштар күрделі жөндеуден өткізілді»,- деді Екібастұз ГРЭС -2 жөндеу жөніндегі бас инженері Серікбай Жалиев.

Жөндеу науқанының уақытылы өткізілуі электр станциясының күзгі-қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етеді. Жоспарға сәйкес №2 энергия блогын жөндеу жұмыстары 30 маусым күні аяқталған болатын. 

Жыл басынан бері «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ 2,6 млрд кВт/сағ-тан артық электр энергиясын өндіріп, РФ-ға 987 млн.кВт/сағ. (27.07.2016ж. жағдай бойынша) көлемінде экспорттады.

2016.07.27
2016.07.28

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng