Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қатарына Екібастұз ГРЭС-2-нің 260-тан астам жұмыскері қабылданды

2016.07.19
2016.07.19

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының жұмыскерлеріне партиялық билеттерді тапсыру шарасы салтанатты түрде өтті

Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының қатарына Екібастұз ГРЭС-2-нің 260-тан астам жұмыскері қабылданды

Бұл туралы өндірістік цехтардың жұмысшыларына партиялық билеттерді тапсыру салтанатында «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Бастауыш партия ұйымының төрағасы Игорь Махин мәлімдеді.

«Партия қатарына қосылғысы келетіндердің саны күн санап артып отырғаны қуантады. Қаңтар айынан бастап біз партияға станцияның 260-тан астам жұмысшысын қабылдадық. Алайда, бұнымен тоқтамаймыз деп ойлаймын. Партияға қосылғысы келетіндердің қатарында тек жастар ғана емес, егде тартқан адамдардың да болуы қуантады. Өтініш берем деушілерге есігіміз ашық», - деді Игорь Геннадьевич.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясының жұмыскерлеріне партиялық билеттерді тапсыру шарасы салтанатты түрде өтті.

Айдың басында «Нұр Отан» партиясының мүшелік билеттері Отын-көлік цехының 82 жұмыскеріне тапсырылған болатын. Жалпы ГРЭС-2 станциясында партияға мүшелік ететіндердің саны – 697 адам.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng