«Нұр Отан» партиясының қатарын толықтырды

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Отын-көлік цехының 82 жұмысшысы «Нұр Отан» партиясының қатарын толықтырды. Елорда күнін мерекелеуге орай цехтың мәжіліс залында мүшелік билеттерді тапсыру салтанаты өтті

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы Отын-көлік цехының 82 жұмысшысы «Нұр Отан» партиясының қатарын толықтырды. Елорда күнін мерекелеуге орай цехтың мәжіліс залында мүшелік билеттерді тапсыру салтанаты өтті.

«Нұр Отан» партиясының Есеп және статистика секторының меңгерушісі Гүлмира Сембаева партия қатарына енген жаңа мүшелерге партия билеттерін табыстай отыра, Екібастұз ГРЭС-2 станциясы жұмысшыларының жыл өткен сайын саяси белсенділігінің артып, сол арқылы мемлекеттік реформалар мен ұлттык жобаларды қолдап отырғанын тілге тиек етті.

«Біздің цех тек өнеркәсіп жағынан ірі әрі көшбасшы ғана емес, сонымен қатар өте белсенді. Станцияда өткізіліп тұратын түрлі конкурстар мен спорттық жарыстарда әркез биіктен көрініп жүрміз. Цехымызда партияға мүшелік еткендер санының артқанына қуаныштымын. Әріптестеріме үлкен сенім артамын», - деді өз сөзінде отын-көлік цехының бастығы Ерекбай Шағартаев.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Бастауыш партия ұйымының төрағасы Игорь Махин өз кезегінде энергетиктердің мемлекет басшысы алға қойып отырған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салатынын растады.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясына станцияның 697 жұмыскері мүше. 

2016.07.11
2016.07.12

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng