Уақытында төленген шот — жақсы демалыс кепілі

2016.06.24
2016.06.24

«Шығысэнерготрейд» ЖШС өз клиенттеріне демалыстар маусымында электр энергиясын төлеу жөнінде алдын ала қамдануды ұсынады

«Шығысэнерготрейд» ЖШС өз клиенттеріне демалыстар маусымында электр энергиясын төлеу жөнінде алдын ала қамдануды ұсынады.    

Ең оңтайлы нұсқасы – бұл жаз мезгіліне алдын ала төлеу. Бұл үшін сапарға шығар алдында кез келген төлем қабылдау пунктінде шотта көрсетілген алдын ала есептеуді төлеу қажет. Сондай-ақ, сіз үйде болмаған уақытта үйді электр энергиясынан уақытша ажырату туралы өтініш жазуыңызға болады.  

 «Компания сайтында www.shygys.kz Жеке кабинет әрекет етеді, онымен қазіргі уақытта он мыңнан астам тұтынушы пайдаланады. Осы қызметтің көмегімен өз шотыңның жай-күйін тексеруге, төлемге түбіртек негіздеуге және есепке алу аспабының көрсеткіштерін беруге болады. Сонымен қатар, «Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Вячеслав Аксенов жеке кабинет арқылы  Visa және MasterCard» төлем жүйесінің банк карталарының көмегімен тұтынылған электр энергиясы үшін шотты төлеуге болатынын еске салады. 

Тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу мерзімінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төлеу қажет. Электрмен жабдықтау келісім-шартының шарттарын бұзу электр энергиясының ажыратылуына ғана емес, ээ қосқанда қосымша шығындарға әкеліп соғады. 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС өз тұтынушыларына жайлы жаз бен бейғам демалыс тілейді, сондай-ақ электр энергиясы үшін уақытында төлейтін барлық тұтынушыларына алғыс айтады.  


«Шығысэнерготрейд» ЖШС 9.07.2004 ж. № 588- II «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 25 бабына сәйкес 2004 ж. 28 қыркүйекте құрылды (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № 17233-1917-ТОО ШҚО Әділет департаментімен 28.09.2004 ж. берілді) және «Шығыс Қазақстан Аймақтық Энергетикалық Компаниясы» АҚ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, оның 100 % акциясы «Самрұқ-Энерго» АҚ-ның Қазақстандағы электр энергетикалық активтерін басқару жөніндегі холдингке тиесілі. Кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысында 495 000-нан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде 20 000-нан астамы – заңды тұлғалар.  
Қосымша ақпарат алу үшін «Шығысэнерготрейд» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау жөніндегі топтың мамандарына хабарласыңыздар:  Татьяна Павлова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6968) , ұялы тел.: + 7 701 921 70 32; Асель Баденова, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., жұм. тел: 8 (7232) 569-880 (ішкі № 6368) , ұялы тел.: +7 701 221 71 38.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng