Қала күні – баршаға ортақ мереке!

Екібастұз қаласы өзінің 59-шы туған күнін атап өтті. Сүйікті қалаларын құттықтауға ГРЭС-2 станциясының энергетиктері де асықты

Екібастұз қаласы өзінің 59-шы туған күнін атап өтті. Сүйікті қалаларын құттықтауға ГРЭС-2 станциясының энергетиктері де асықты.

Қала күніне арналған мерекелер легі салтанатты жиыннан басталды. Сахнадан жылдар бойы қаланың дамуына зор үлесін қосқандардың аты аталып, құрмет көрсетілді. Еңбеккер екібастұздықтарға марапаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Олег Новиков Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезеңінде «Нұр Отан» партиясының сайлау науқанында белсенділік танытқаны үшін Елбасы Н. Назарбаевтың атынан Алғыс хат алды.

Олег Новиков өз кезегінде бұл марапаттың бір жарым мыңнан астам энергетиктер ұжымына тиесілі екенін айтты.

Қалада жаңартылған Еңбек даңқы аллеясының жаңа кейіпкері – ЕГРЭС-2 ОЖЦ  шебері Нұрым Асанов. Оған Аллеяның салтанатты ашылуын  растайтын сертификат берілді.

Сондай-ақ қала күнін мерекелеуге орай  (ОЖЦ) қазандық және тозаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі 6-разрядты слесарі  Виктор Шестопалов қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қала басшысының  Алғыс хаты 6-разрядты отын беру машинисі (ОКЦ) Біржан Оразовқа табысталды.

ГРЭС-2 және Солнечный кентінің Ардагерлер кеңесі мерекелік жиынның басты қонақтары болды. Салтанатты митингтен соң қонақтар ипподромда бәйге жарысын тамашалай алды. Үзіліс кезінде қонақтар киіз үйге кіріп дәм татты.

Екібастұз қаласы күнін мерекелеу «Шахтер» саябағында жалғасты. Мұнда қала кәсіпорындарының  көркем өнерпаздары концерт берді. Станцияның көмекей әншілері Наталья Плахина, Елена Степанюк, Светлана Козодоенко, Болатай Ахмадиев пен Анита Невмержицкая Отан, ана және достық туралы әндерді тебіренте шырқады. 

2016.06.21
2016.06.23

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng