ГРЭС-2 станциясында жөндеу науқаны басталды

Екібастұз ГРЭС-2-де жөндеу науқаны белсенді басталды

ГРЭС-2 станциясында жөндеу науқаны басталды

Екібастұз ГРЭС-2-де жөндеу науқаны белсенді басталды. Жақында күзгі-қысқы кезеңге дайындық жөніндегі іс-шараларға сәйкес, 500 МВт қуатқа ие №2 энергоблок ағымдағы жөндеуге шығарылды. 

«Бекітілген жұмыс кестесіне сай №2 энергоблокты ағымдағы жөндеу жұмыстары басталып, қазіргі уақытта жанарғылар, тозаң өткізгіш құбырлар, турбина мен қосымша жабдықтар жөнделіп жатыр», - деді  Екібастұз ГРЭС-2 жөндеу жөніндегі бас инженері Серікбай Жәлиев.

Өндірістік цех мамандарының біліктілік пен кәсіби деңгейі, сондай-ақ  мол тәжірибесі бүгінгі күні кез келген күрделі жұмысты орындауға мүмкіндік береді. Осының барлығына тұрақты түрде білім алу, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа машықтанудың арқасында қол жеткізіліп отыр. Алайда, №2 энергоблокты ағымдағы жөндеу барысында жоспарланған жұмыс көлемінің үлкен болуына байланысты, биылғы жылы Екібастұз ГРЭС-2 жөндеу науқанын өткізуге сырттан 100 маман тартып отыр.

№1энергоблокты жөндеу жұмыстары 5 шілдеге жоспарланып отыр.

2016.06.21
2016.06.21

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng