«Самұрық-Энерго» АҚ-да Еңбек әулеті күні өтті

Бұл мерекеге елордаға Қазақстанның әр түкпірінен Қоғамның еншілес компанияларының қызметкерлері шақырылды. 10 еңбек әулетінің өкілдеріне құрмет граматоалары және естелік сыйлықтар тапсырылды

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Еңбек әулеті күні өтті

Бұл мерекеге елордаға Қазақстанның әр түкпірінен Қоғамның еншілес компанияларының қызметкерлері шақырылды. 10 еңбек әулетінің өкілдеріне құрмет граматоалары және естелік сыйлықтар тапсырылды.

Еңбек әулеті күні «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бастамасы бойынша отбасылық мамандыққа адал болу дәстүрі мен ұрпақтар сабақтастығын қолдау мақсатында 2013 жылдан бастап өткізілуде. «Самұрық-Энерго» АҚ Астанаға «МЭБК» АҚ (Маңғыстау қ.), «ШҚ АЭК» АҚ (Өскемен қ.), «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ (Алматы қ.), «Богатырь Көмір» ЖШС, «ЕГРЭС-2» АҚ, «ЕГРЭС-1» ЖШС (Екібастұз қ.), «Ақтөбе ЖЭО» АҚ (Ақтөбе қ.) және «Шардара СЭС» АҚ еншілес тәуелді ұйымдарында жұмыс істейтін отбасылар әулетінің өкілдерін шақырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Серік Түйтебаев еңбек әулетінің өкілердерін құттықтап, бұл адамдар – компаниялардың «алтын қоры», тұрақтылықтың, абырой-бедел мен жетістіктің көрсеткіші екенін атап кетті. Еңбек әулеті – бұл кәсіпорынның тіреуі, оның өткені, бүгіні және келешегі. Олар кәсіпорынның табыстылығын, тұрақтылығын және әлеуметтік маңыздылығын дәлелдейді.

Жиналыс қорытындысы бойынша еншілес компаниялардың қызметкерлеріне құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар берілді. Астанаға алғаш рет келгендер үшін Астана бойынша дәстүрлі экскурсия ұсынылды.

Еңбек әулетінің өкілдерін өз отбасыларының абыройын төкпеуге тырысатын ең жауапты әрі сенімді қызметкерлер деп санаған дұрыс. Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық дерлік кәсіпорындарда 50, 100 және 120 жылдан еңбек өтілі бар энергетиктер әулеттері бар.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның еңбек әулетін құрметтеуге арналған салтанатты шараға «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы атынан жалпы еңбек өтілі 127 жылды құрайтын Абакумовтар әулеті қатысты.

Әулет басшысы Николай Иванович соғысқа қатысқан, Новосибирскіде әскери зауытта жұмыс істеген. 1967 жылы Қазақстанға – Алматы облысының Покровка ауылына көшті. 1972 жылдан 1992 жылға дейін Алматы ГРЭС-те қазандық цехының токарі болып жұмыс істеді. 1991 жылы зейнетке шығып, станцияда жұмыс істеуді жалғастырды. Ұлы Анатолий Николаевич 1972 жылы Алматы ГРЭС-те газ-электр дәнекерлеушінің оқушысы болып еңбек жолын бастап, бұл жерде 10 жыл жұмыс істеді. 1982 жылы оны АГРЭС газ-электр дәнекерлеушісі қызметіне ауыстырды. Баласы Сергей Николаевич АГРЭС-те жылу желілерін жөндеу бойынша слесарьдің оқушысы болып еңбек әулетін жалғастырды. Кеңес әскерінің қатарында қызмет атқарған соң, станцияға оралып, жабдық жөндеуші слесарь болып жұмысын жалғастырды. 1979 жылы электр цехының электр-газ дәнекерлеуші қызметіне ауыстырылды. Көп жылдық жұмысының нәтижесінде өз ісінің шебері болды. Электр-газ дәнекерлеуші болып жұмыс істеп, жабдық жөндеумен байланысты қиын мәселелерді шешті. Жұмыс атқарған кезеңде бірнеше рет станция басшылығы алғыс айтты және Құрмет грамоталармен марапатталды. Әулет басшысының қызы Абакумова (Гузовская) Надежда Николаевна мектепті бітіре сала АГРЭС-те турбина цехы бойлер қондырғысы машинисінің оқушысы болып жұмыс істеймін деп шешті. Турбина цехының қосалқы жабдықтарын аралаушы машинистен турбина жабдығы бойынша  4-разрядты аралаушы машиниске дейінгі сатыдан өтті. 1999 жылы турбина цехының бу турбиналары машинисінің 6-разрядын алды. Жұмыс істеген кезеңінде бірнеше ондаған жас маманды дайындады. Жаңа кадрларды дайындау бойынша тәжірибелі жетекші. Турбина цехында жұмыс атқарған кезде станция басшылығы бірнеше рет алғыс айтты және Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2012 жылы Надежда Николаевна ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Абакумовтар немересі – Владимир Сергеевич жоғары білім алғаннан кейін 3-ЖЭО-да электр цехы жабдықтарына қызмет көрсету бойынша электр монтері болып жұмысын бастады. 2005 жылы электр цехының ауысым бастығына ауыстырылды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін 3-ЖЭО станциясының ауысым бастығы болып жұмыс істеді. Жұмыс кезінде өзін білгір және жауапты маман ретінде көрсетті.

Абакумовтар отбасының үш ұрпағының өкілдері электр энергетикасы саласында еңбек етті және қазір де еңбек етуде. Қазіргі уақытта ұлы Сергей Абакумов және қызы Надежда Гузовская «Алматы электр станциясы» АҚ 3-ЖЭО станциясында жұмыс істеуде.

*******

«Шардара СЭС» АҚ атынан келген Саховтар еңбек әулетінің жалпы өтілі – 125 жыл. Бір отбысынан - 8 қызметкер. Бұлар - әулет басшысының бес ұлы, қызы және немересі. Ортаазиялық политехникалық институтын аяқтағаннан кейін Ыбырай Сахов Алматы кенішінде электр слесарі болып еңбек жолын бастады. Шардара СЭС-інде құрылыстың ең басынан - 1961 жылдан жұмыс істеуде. Кейін 1969 жылдан бастап әулет басшысы 30 жыл бойы осы кәсіпорынды басқарды. Ол Шардара аудандық, қалалық және облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Бірқатар марапатқа ие, солардың бірі – ҚЭҚ «Ардагер энергетик» құрметті атағы.

Өндірісті ұйымдастырушы әкенің үлгісі өскелең ұрпақты тәрбиелеу, еңбеккке деген құрмет, өз мамандығына деген мақтаныш сезімінің тамаша көрсетікіші болып танылады.

*******

Көмір өнеркәсібіндегі Копновтар еңбек әулетінің жалпы еңбек өтілі 124 жылды құрайды. Әулет басшысы Николай Семенович 1949 жылы Атбасар қаласында құрылыс учаскесінде ағаш ұстасы болып өз еңбек жолы бастады. 1967 жылы көмір өнеркәсібіне келді және 40 жылдан аса тепловоз машинисті болып жұмыс істеді. Әулет басшысының ұлы – Виктор Николаевич Копнов өз еңбек жолын 1992 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-да «Богатырь» кесігінің экскаватор машинисі болып бастап, қазіргі уақытқа дейін осы жерде жұмыс істеуде. Виктор Николаевич «Шахтер Даңқы» белгісінің толық игері болып табылады, 2007 жылы «Компанияның үздік қызметкерлері» құрмет тақтасына енгізілді.

Әулет басшысының ұлы – Борис Николаевич Копнов 1975 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-да Богатырь КТУ күш агрегатының машинисі болып еңбек жолын бастады. Еңбек әулетінің қызы – Людмила Николаевна Литвиенко (Копнова) еңбек әулетін жалғастырды. 1983 жылдан – жабдықтау жөніндегі инженер болып жұмыс істейді.

Копновтар отбасының үш ұрпағының өкілдері көмір өнеркәсібінде еңбек етті және қазіргі уақытқа дейін еңбек етуде. Қазіргі уақытта «Богатырь Көмір» ЖШС-да үш баласы мен немересі жұмыс істейді.

*******

Еңбек өтілі 103 жылды құрайтын Скоморощенко еңбек әулетінің қызметі тұрақтылық пен мықты корпоративтік рухтың нағыз үлгісі болып табылады. Төрт ұрпақтың өкілдері электр энергетикасы саласында еңбек етуде. Еңбек әулетінің басшысы Михаил Иванович Скоморощенко 1945 жылы Алматы СЭС каскады «Қазақэнерго»-да гидротехникалық құрылғыларды аралаушы болып еңбек жолын бастады және СЭС қызметкерлеріне тұрғын үйлерді салуға қатысты. Оның энергетикадағы еңбек өтілі – 24 жыл. Еңбек әулетінің қызы – Нина Михайловна Волохова «Қазақэнерго» автокөліктерінің май құюшы қызметінен құрметті демалысқа шықты. Еңбек әулетінің немересі – Елена Борисовна Васильева 1973 жылы Алматы СЭС каскады «Қазақэнерго» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек қызметін бастап, СЭС каскадының бейнебақылау операторы қызметінен құрметті демалысқа шықты. Еңбек әулетінің шөбересі Светлана Владимировна Васильева 1997 жылы станция құрылғысы мен жергілікті байланыс электр монтері болып еңбек қызметін бастады, қазіргі уақытта «АлЭС» АҚ СЭС каскадының ӨТБ есептері мен режимдері бойынша жетекші инженері болып жұмыс істеуде, «АлЭС» АҚ СЭС каскады «Энергия» кәсіподағының төрағасы болып табылады.  

*******

Дмитрий Акиняев «Ақтөбе ЖЭО» АҚ станциясы құрылғысының сенімді жұмысына зор үлес қосты. Барлық жұмыс ұжымы Акиняевтер әулетімен мақтанады, олардың жалпы еңбек өтілі 109 жылды құрайды. Еңбек әулетінің басшысы жұмысқа қабілеттілігінің зор болуымен, тындырымдылығымен және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайтындығымен ерекшеленді. Дмитрий Петровичтің шын мәнінде практикалық тәжірибесі мол,  басқалармен тәжірибесін бар ынтасымен бөліседі. Дмитрий Петрович жас қызметкерлердің бойында тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, жабдықты күтіп ұстау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау, жұмыс орнында тәртіп сақтау дағдыларын тәрбиелеу және оларды дамыту қажет деп санайды. Осы кезең ішінде өзін адал, бастамшыл, өзіне де, қызметкерлерге де талап қоя білетін адам ретінде танытты.

*******

Еңбек әулетінің тағы бір өкілі Зерулер отбасы - Валентина Викторовна, оның анасы Валентина Васильевна Стёпкина, ұлы Николай Юрьевич, келіні Светлана. Отбасы мүшелерінің Екібастұз ГРЭС-1-дегі жалпы жұмыс өтілі 62 жылды құрайды.

Валентина Стёпкина 1981 жылдан 1992 жылға дейін Екібастұз ГРЭС-1 «Электр» цехында өндірістік және қызметтік орын-жайларды жинап тазалаушы болып жұмыс істеді, қазіргі уақытта құрмет демалысында, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС ардагері болып табылады.

Оның қызы Валентина 1979 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС алтыншы разрядты «2-отын-көлік» цехында автоматтандырылған отын жеткізу моторшысы болып табылады. Николай Юрьевич Зеру 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС «2-отын-көлік» цехында алтыншы разрядты автоматтандырылған отын жеткізу машинисі болып жұмыс жасайды. Николай Юрьевич станцияның дұрыс пайдаланылуына ықпал ете отырып, жабдықтың апатсыз жағдайда жұмысы жасау мәселелерімен айналысады.

Келіні Светлана Александровна Зеру, енесі сияқты «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС «2-отын-көлік» цехында алтыншы разряты автоматтандырылған отын жеткізу моторшысы болып қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді. Осы қысқа кезең үшін өзін жауапты, адал, елгезек маман ретінде танытты.

*******

Сыздықовтар отбасының үш ұрпағының өкілдері электр энергетикасы саласында еңбек етуде. Қазіргі уақытта «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да жұмыс істейді. Сыздықовтар әулетінің басшысы – Тілек Мағазұлы құрметті демалысқа шыққанға дейін ЕГРЭС-2-де ЖҚЦ тиегішінің жүргізуші болып жұмыс жасады. 2012 жылы құрметті демалысқа шықты. Әулет басшысының ұлы – Жұпар 1995 жылдан бастап автоматика мен өлшем құралдарын жөндеу және оған қызмет көрсету бойынша электр слесарі болып жұмыс істеді, қазір автошаруашылықтың жүргізушісі болып жұмысын жалғастыруда. Энергетика саласындағы еңбек өтілі 21 жылды құрайды. Әулет басшысының қызы Гүлжамал Атымтаева жұмысын 1995 жылы хатшы-машинист болып бастады. Қазіргі уақытта «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ кадрлар бойынша жетекші маман болып жұмыс істеуде. Әулет басшысының немересі Әсемгүл Қуандыққызы Мұнатаева бір жылға жуық техник болып жұмыс істеуде.

*******

«ШҚ АЭК» АҚ-да электр энергетика саласында Ысмайыловтар отбасының 2-ұрпағы еңбек етуде. Әулет басшысы – Марат Тілебалдыұлы өз еңбек жолын 1985 жылы «Қазақстанкабель» Семей зауытында ауысым шебері ретінде бастады. 1998 жылы ақпан айында «Семей тарату желілері» АҚ-ға қадағалаушы-монтер, кабельдік желілерді жөндеу бойынша шебер болып жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта Семей ЭТЖ бас инженері болып жұмыс істейді. Энергетика саласындағы еңбек өтілі – 18 жыл. Әулет басшысының үлкен ұлы – Асхат өзінің еңбек жолын 2007 жылы бастады. Бүгінде «ШҚ АЭК» АҚ аумақтық диспетчерлік қызметінде шағын станцияларға қызмет көрсету бойынша электр монтері болып жұмыс жасайды. Энергетика саласындағы жұмыс өтілі – 9 жыл. Әулет басшысының кіші ұлы – Медет «ШҚ АЭК» Семей ЭТЖ-да 2011ж. мамыр айынан жұмыс істейді. Қазіргі уақытта еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженер болып қызмет атқарып жатыр.

*******

Муреновтер әулетінің энергетикадағы жиынтық еңбек өтілі 61 жылды құрайды. Муреновтер әулетінің басшысы – Рзабек Мұсаұлы Маңғышлақ электр желілері кәсіпорнына 1985 жылы жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта ол «Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ-да жүргізуші болып жұмыс атқарады. Әулет басшысының ұлы Мәди 2 жылға жуық электр энергетикасы саласында отбасылық өтілін жалғастыруда.

2016.05.20
2016.06.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng