Екібастұз ГРЭС-1 қызметкерлері – Ақтөбеде болған лаңкестік әрекеттер барысында қаза болғандарды еске алу

2016.06.09
2016.06.09

Станция қызметкерлері Ақтөбеде болған лаңкестік әрекеттер салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және бас директор Р.Т. Свамбаевтың бір күндік еңбекақының 25%-ын қаза болғандардың отбасыларына аудару туралы ұсынысын қолдады

Бүгін Екібастұз ГРЭС-1 қызметкерлері Ақтөбеде лаңкестерден зардап шеккен отбасыларды қолдау жиналысын өткізді.

Жиналыста ұжымның мүшелері сөз сөйледі. Станция қызметкерлері Ақтөбеде болған лаңкестік әрекеттер салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және бас директор Р.Т. Свамбаевтың бір күндік еңбекақының 25%-ын қаза болғандардың отбасыларына аудару туралы ұсынысын қолдады. Ол 2 млн. 355 мың 320 теңгені құрайды.   

Соған қоса, ЕГРЭС-1 қызметкерлері лаңкестік әрекет барысында жарақат алғандарға қалалық қан орталығында донорлық қан тапсыру бойынша акция өткізу туралы шешім қабылдады.

«Қазақстанда бейбітшілік жағдайдың болуы жандарына маза бермейтін күштердің бар екеніне біздің тағы да көзіміз жетті. Сондықтан да әрқайсысымыздың міндетіміз – Әлемді сақтауға тырысу, экстремизмнің біздің қоғамымызға, ал діннің атын жамылушылардың біздің жанымызға енуіне жол бермеу болып табылады», - деді бас директор Свамбаев Рысқан өзінің ұжымына арнаған сөзінде.

Жиналысқа қатысушылар лаңкестік әрекет салдарынан қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Екібастұз ГРЭС-1 баспасөз хатшысы Жаңылсын Хамитова.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng