Primus Power Corporation компаниясы жасаған электр энергиясын сақтау құрылғыларын әзірлеу туралы келісім

Астаналық экономикалық форум: «Самұрық-Энерго» АҚ және Primus Power Corporation қуаты 45 МВт Ерейментау қаласында жел электр станциясында энергия шоғырландырушы жүйе орнату бойынша екінші пилоттық жобаны іске асыру ниеті туралы келісімге қол қойды

Primus Power Corporation компаниясы жасаған электр энергиясын сақтау құрылғыларын әзірлеу туралы келісім

Бүгін, 26 мамырда Астаналық экономикалық форум аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев және Primus Power Corporation Бас директоры Том Степиен қуаты 45 МВт Ерейментау қаласында жел электр станциясында энергия шоғырландырушы жүйе орнату және тестілеу бойынша екінші пилоттық жобаны іске асыру ниеті туралы келісімге қол қойды.

- Primus Power Corporation компаниясы жасаған электр энергиясын сақтау құрылғыларын әзірлеу туралы келісім – ЖЭК-ті біріктіру бойынша технологияларды дамытудағы жаңа бағыт. Болашақта бұл старт-ап нарықтағы жағдайды түбегейлі өзгертуі мүмкін, - деп атап кетті «Самұрық-Энерго» басшысы Алмасадам Сәтқалиев.

- Электр энергиясын сақтау технологияларын дамыту бойынша бірлескен жұмыс ЖЭК секторының дамуына ықпалын тигізіп, Қазақстанның электр энергетикалық саладағы инновациялық шешімдерін іс жүзіне енгізуге мүмкіндік береді деп санаймыз, - деді Primus Power Corporation басшысы Том Степиен.

2015 жылғы 22 мамырда VIII Астана экономикалық форумы барысында «Самұрық-Энерго» АҚ және Primus Power Corporation компаниясы кейіннен Қазақстан Республикасында EnergyPod® энергия шоғырландырушы жүйелерді өндіру және жеткізу бойынша ҚБ-ны ұйымдастыра отырып, пилоттық жобаларды іске асыруды көздейтін Стратегиялық серіктестік бойынша келісімге қол қойды.

2016 жылы 11 наурызда Қапшағай қаласындағы қуаты 2МВт күн электр станциясы негізінде қуаты 25кВт EnergyPod энергия шоғырландырушы жүйені демонстрациялаушы бірінші пилоттық жоба іске қосылды.

2016.05.26
2016.05.26

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng