«Атамекен» ҰКП-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

2016 жылғы 19 мамырда «Самұрық-Энерго» АҚ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісім жасады

2016 жылғы 19 мамырда «Самұрық-Энерго» АҚ және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Келісім қатысушылары өзара іс-қимыл мен отандық жеткізушілер мен өндірушілердің электр энергетикасы саласына арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат алмасуын ұлғайтуды жоспарлайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ сатып алу үдерістерінің ашықтығын арттыру мақсатында «Атамекен» ҰКП-ға компаниялар тобының жоспарланатын және сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы мәліметтерін ұсынуды қамтамасыз етеді.

Бірлескен жұмыс тобы аясында «Атамакен» ҰКП-ның «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының сатып алудағы жергілікті қамту мониторингіне қатысуы жоспарлануда.

2016.05.19
2016.05.20

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng