«Атамекен» ҰКП Энергетика комитеті Төрағасын сайлап, 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

2016.05.19
2016.05.19

Жаңа мерзімге ҚР «Атамекен» ҰКП Энергетика комитетінің қазіргі төрағасы, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бірауыздан қайта сайланды

«Атамекен» ҰКП Энергетика комитеті Төрағасын сайлап, 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті

2016 жылы 17 мамырда «Атамекен» ҰКП Төралқасы Энергетика комитетінің ағымдағы жылғы алғашқы отырысы өтті.

Жаңа мерзімге ҚР «Атамекен» ҰКП Энергетика комитетінің қазіргі төрағасы, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бірауыздан қайта сайланды.

Отырыс қатысушылары 2015 жылғы есепті қарап, 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. Ағымдағы жылы мемлекеттік органдарға мынадай басым бағыттар бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді жалғастыру жоспарланып отыр:

  • электр энергетикасы саласын дамыту бойынша заңнамаларды жетілдіру;
  • электр энергетикасы секторындағы тарифті белгілеу және тарифтік реттеу.

Бизнес мүдделерін қорғау мақсатында Комитет мүшелері заң шығармашылығы үдерісіне белсенді қатысатын болады,  мемлекеттік органдармен электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

«Атамекен» ҰКП Төралқасы Энергетика комитеті бизнес-қоғамдастықтардың мемлекеттік билік органдарымен тиімді өзара іс-қимылын жолға қою мақсатында 2014 жылы құрылды. Комитет ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқасының тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органы болып табылады, оның қызметі энергетика саласында кәсіпкерлікті дамыту бойынша міндеттерді жедел шешуге бағытталған. 

Астана қ., 2016 жылғы 19 мамыр

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng