Ардагерлерге арналған сыйлықтар

2016.05.11
2016.05.13

logo se 70 Қалыптасқан дәстүр бойынша екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерге сыйлықтар берді

Ардагерлерге арналған сыйлықтар

5 мамырда, Жеңіс күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ Корпоративтік орталығының қызметкерлері қалыптасқан дәстүр бойынша екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері – Зинаида Берниязова, Сейілбек Усин және Василий Пархоменкоға сыйлықтар берді.

Елорданың Есіл ауданында тұратын үш майдангерді арнайы құттықтауды Астана қ. Ардагерлер кеңесі ұсынған болатын. Қарт ардагерлердің 90 жастан асқаны ескеріліп, оларға «Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподағы» ҚБ қолдауымен серуендеуге арналған коляскалар сатып алынды.

Компания қызметкерлері де «Нұр Отан» партиясы тобының ерікті түрде қаржылай көмек көрсету бастамасын ұйымдасқан түрде қолдады. Акция қорытындысы бойынша әрбір ардагерге 200 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ атынан майдангерлерді Үкіметпен байланыс және коммуникациялар жөніндегі офис басшысы Ханат Айменов пен «Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподақ» ҚБ басшысы Оразбек Бекбас құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік орталығының ұжымы екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арнайы көмек көрсету акцияларын соңғы жылдары (2012 жылдан бері) үзбей жүргізіп келеді.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng