«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев брифинг өткізді

2016.04.27
2016.05.20

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев брифинг өткізді

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев брифинг өткізді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев брифинг өткізді. Ол журналистерге компанияның электр энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары, жұмыс нәтижелері және келешектегі жұмыс бағыттары туралы айтты.

ҚР-ның «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ баламалы энергия көздерінің үлесін арттыруды көздейді. Қазіргі уақытта компания бірқатар жобаны іске асырды. Оның бірі – қуатты 300 МВт-ға дейін арттыру перспективасы бар қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-і. Пайдалануға енгізген сәттен бастап 2016 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша таза электр энергиясын өндіру 140 млн. кВтсағ-қа жетті. Жыл сайын ЖЭС 45 110 мың тонна көмірді жандырудан сақтайды, ол парниктік газдардың шығарылуын төмендетеді. Станция өндіретін электр энергиясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме объектілері инфрақұрылымының мұқтаждықтары үшін пайдаланылатын болады.

Қапшағай КЭС-і – Қазақстандағы МВт-классының бірінші күн станциясы. 2013 жылдан қазіргі таңда 5 млн. кВтсағ таза энергияны өндірді. Ағымдағы жылғы наурыза айында Қапшағай КЭС базасында Primus Power американдық компаниясымен бірлесіп, электр энергиясын сақтау жүйелеріне тестілеу жүргізіледі. Алдын ала нәтижелері жүйенің тұрақты жұмысын және Қазақстанда өндіру мүмкіндігімен оны тираждау перспективтілігін көрсетті.

Оңтүстік тұтынушыларға таза электр энергиясын жеткізуді Мойнақ СЭС-і және Шардара СЭС-і жүзеге асырады. 2012 жылы пайдалануға енгізгеннен бастап Мойнақ СЭС-інің электр энергиясын өндіруі 3 млрд. кВтсағ-тан асты.

Қуаты 1 320 МВт Балқаш ЖЭС-і жобасы бойынша құрылысты бастау үшін инфрақұрылымды дайындау аяқталды. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» Қоры тарапынан Жобаға қолдау көрсетіледі. Жабдықтардың жоғарылатылған параметрлері 10 млрд. кВтсағ электр энергиясын өндіру кезінде 900 мың тоннаға дейін көмірді үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған объектіде қоршаған ортаға ықпал етуін еуроодағының нормаларына дейін мейілінше қысқартатын технологиялар (жеңқұбыр сүзгілері және күкірт тазарту жүйесі) Қазақстанда алғаш рет пайдалнылатын болады.

2012-2016 жж. аралығында әрбіреуінің қуаты 500 МВт Екібастұз 2- МАЭС-тың № 8 және № 2 блоктары қалпына келтірілді және пайдалануға енгізілді. «АлЭС» АҚ Алматы 2-ЖЭО-да бойлер орнатылған жұмыс бөлмесін қайта құру бойынша жұмыстар аяқталды. Алматы қаласының электр желілерін дамыту бағдарламасы бойынша «АЖК» АҚ Бесағаш, Мамыр, Есентай, Алтай қосалқы станцияларының құрылысын аяқтады.

Қазіргі уақытта Ақтөбе ЖЭО-да қуаты 30 МВт жаңа турбиналық генераторды енгізу бойынша іске қосу мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұл станцияның қуатын 88 МВт-тан 118 МВт-қа арттырады.

Тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету сапасын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы Екібастұз 1-МАЭС-тің ОРУ-500 кВ жаңғырту бойынша жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.

Алматы 2-ЖЭО-да № 8 станциясының қазаңдық агрегатын қайта құру бойынша жұмыстар аяқталуда, ол Алматы қаласы бойынша жылу жүктемелерінің күтелітін өсімін жабуға мүмкіндік береді.

Шардара СЭС-інде станцияны жаңғырту бойынша жұмыс жалғастырылуда. Жарты ғасырлық мерзім бойы жұмыс істеген сапалық және экологиялық жағынан ескірген жабдықты толық ауыстыру станцияның қуатын 26%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы айда Ақтау қаласында «МЭБК» АҚ-ның өңірлік диспетчерлік орталығын салтанатты ашу рәсімі өткізілді. Аталған жобаларды іске асыру шығыстардың төмендеуіне, электрмен және жылумен қамтамасыз ету сенімділігін жоғарылатуына, сондай-ақ станциялардың өнімдігінің және экспорттық әлеуетіннің арттырылуына әкеп соқты.

2016 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Ресей мен Қырғызстанның электр энергиясы көтерме нарығының ірі субъектілерімен келісімдерге қол қойылды.Таяу шетел елдеріне электр энергиясын экспорттау өндірістің, қызметтің және табыстың қосымша көлемдерін қамтамаыз етеді.

2016 жылы РФ-ға экспорттаудың күтілетін көлемі 1,8 млрд. кВтсағ (2013ж. – 2,4 млрд. кВтсағ, 2015ж. – 1,9 млрд. кВтсағ) құрайтын болады. 2016ж. 27.04. жағдай бойынша экспорттың фактілі көлемі 436 млн. кВтсағ құрады.

Қырғызстанмен жасалған шартқа сәйкес, 2016 жылы жеткізілетін электр энергиясының көлемі 218 млн. кВтсағ құрайтын болады (2014ж. – 118,7 млн. кВтсағ, 2015ж. – 401 млн. кВтсағ), қазіргі таңда экспорттың фактілі көлемі 53 млн. кВтсағ құрады.

Жаһандық құлдырау және эконимканың өсу қарқынының тежелуі электр энергиясын өндіру мен тұтуны көлемдеріне әсер етті. Компанияның табыстары 2014 жылмен салыстырғанда 16 млрд. теңгеге немесе 7%-ға төмендеді.

Аталған факторларды жою мақсатында компания операциялық шығындарды 13 млрд. теңгеге және инвестициялық шығындарды 34,4 млрд. теңгеге оңтайландырды. Теңгенің құбылмалы бағамын енгізу қаржы көрсеткіштеріне әсер етті. Бағамдық айырмашылығын ескерусіз компанияның қорытынды табысы 29 млрд теңгені немесе жоспардың 115%-ын құруына болатын еді.

Трансформация – «Самұрық-Энерго» АҚ Стратегиясын іске асырудың негізгі элементі. Трансформация – компанияның стратегиялық мақсаттарына жету мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға апаратын жол. «Самұрық-Энерго» АҚ-ны Трансформациялау бағдарламасының негізгі міндеті – Акционер үшін компанияның табыстылығын ұлғайту мақсатында холдингті басқарудың, функцияларды орталықтандырудың, автоматтандырудың және озық әлемдік тәжірибені ендірудің операциялық моделіне көшуге қолдау жасау.

Трансформациялау аясында Самұрық-Энерго жаңа ұйымдық құрылымға көшуді қамтамасыз етті. Үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап Басқарма Төрағасының орынбасарлары деңгейі таратылды. Менеджменттің бір деңгейін – 4-тен 3 буынға дейін қысқарты – операциялық холдингке көшу жағдайында басқару ұтымдылығын қамтамасыз етеді.

Басқарушы директорлардың саны 14 адамнан 5-ке дейін, құрылымдық бөлімшелердің саны – 36-дан 31-ге дейін қысқарды. Оңтайландыру аясында Алматы қаласындағы Өкілдіктің қызметі тоқтатылды. Өзгерістер инвестициялық және операциялық қызмет тиімділігін арттырады, бәсекеге қабылеттілікті жақсартуды қамтамасыз етеді.

Пилоттық жобалар: референстік модель, жүйе 

Интеграцияланған жоспарлау жүйесі (ИЖЖ) – Қорда және Самұрық-Энергода өндірістік-қаржылық модельдеуге, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар қою мен оны бақылауға арналған жүйені әзірлеу және ендіру (пилоттық актив ретінде белгіленген). Жоба бойынша жұмыс тобы жасақталды. ЕТҰ деректерін жинау мен талдау жұмыстары жүргізілуде. Қор СТТ саратынан әдіснамалық қолдау көрсетіледі.

Күтілетін пайда:

  • ПӘК бойынша мақсаттарды белгілеу мүмкіндігімен Самұрық-Энергоның өндірістік-қаржылық көрсеткіштерін болжамдау дәлдігін арттыру
  • Қор мен Самұрық-Энергоның мақсаттарды қою және бақылау үдерістеріндегі өзара іс-қимылды стандарттау
  • Өтімділікті неғұрлым дәл жоспарлау есебінен қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды азайту
  • Инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылау жасау

Жобаларды басқарудың бірыңғай жүйесі (ЖББЖ) – «Пилот» стадиясында жоба бойынша жұмыс тобы құрылды. «Самұрық-Энерго» АҚ-да жобаларды басқару үдерістеріне талдау жүргізілуде. Қор СТТ-дан әдіснамалық қолдау күтілуде.
Сатып алуды санаттық басқару – жоба бойынша жұмыс тобы құрылды, Қордың СТТ-ның әдістемелік қолдауы күтілуде.
ТМҚ босату – ТМҚ қалдықтары сәйкестендірілді, ЕТҰ-ның сатып алу жоспарын қысқарту жүргізілуде, өтімсіз ТМҚ, сатуға арналған ТМҚ тізілімі қатыптастырылуда.

Жекешелендіру

Үкіметтің 30.12.2015ж. қаулысымен бәсекелес ортаға берілуге жататын кәсіпорындардың тізілімі өзектендірілді.

№1 тізілімге енгізілген Самұрық-Энерго тобының компаниялары («Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ (құрамында «ШЭТ» ЖШС), «МЭБК» АҚ, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Тегис Мунай» ЖШС (құрамында «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС) тәуелсіз консультанттардың ұсыныстарын ескере отырып, сатуға жатады.

№ 2 тізілімнің активтерін сату (Кипрде тіркелген «Карагандагипрошахт и К» ЖШС, «Шелек-28» ЖШС және 8 компания), Электрондық сауда алаңында сауда-саттық регламентіне сәйкес gosreestr.kz сауда алаңында электрондық аукцион тәсілімен жүзеге асыру болжанады (сауда-саттықтарды ұйымдастырушы – «Ақпарттық есепке алу орталығы» АҚ).

Қазіргі уақытта «Т. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ акцияларының 50%-ын сату бойнша мәміле аяқталды.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng