«АЖК» АҚ-да ЭКЕАЖ енгізу бойынша жобаны орындау жүзеге асырылуда

2013 жылдың аяғынан бастап «АЖК» АҚ-да 0,4 кВ жағында, жеке тұрғын үй құрылыстары және көп қабатты сектор тұтынушылары үшін ЭКЕАЖ енгізу бойынша жобаны орындау жүзеге асырылуда

2013 жылдың аяғынан бастап «АЖК» АҚ-да 0,4 кВ жағында, жеке тұрғын үй құрылыстары және көп қабатты сектор тұтынушылары үшін ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі) енгізу бойынша жобаны орындау жүзеге асырылуда.

«АЖК» АҚ-да ЭКЕАЖ жобасын орындау:

  • Электр энергиясын есептеу дәлдігін көтеруге ;
  • «АЖК» персоналына электр тұтыну туралы автоматтандырылған бақылау (өлшеу), жинау, өңдеу, сақтау және ақпарат беруін қамтамасыз етуге;
  • Есептеудің барлық нүктелері бойынша коммерциялық есептеу өлшемдерінің синхрондығын қамтамасыз етуге;
  • Электр энергиясын ұрлаумен күресу бойынша іс-шаралар өткізуге ;
  • Нормативтен жоғары шығындарды төмендетуге;
  • Тұтынушылардың есептеу аспаптарынан электр тұтыну туралы мәліметті автоматты режимде биллингтік жүйеге беруге;
  • Есептеу аспаптарынан көрсеткіштерді алу бойынша бақылаушыларды қысқартуға мүмкіндік береді.

Бірінші кезеңде, есептеу аспабынан (ЕА) түсетін мәліметтерді өңдеуді, сақтауды және жинауды жүзеге асыратын, ЭКЕАЖ бағдарламалық жасақтамасы және серверлік жабдығы орнатылған, ақпараттарды өңдеудің орталық торабы құрылған. ЕА-нан мәліметтерді беру тәсілі, жоғары жылдамдықта ақпарат алмасу үшін күшті электр тораптарын пайдалануға негізделген, жаңа PLC (PowerLineCommunication — жоғары жылдамдықта ақпарат алмасу үшін күштемелі электр тораптарын пайдалануға негізделген жаңа телекоммуникациялық технология) телекоммуникациялық жүйесінде құрылған. Алынған мәліметтер, өз кезегінде, трансформаторлық қосалқы стансасында орнатылған, МБЖҚ (мәліметтерді беру және жинау құрылғысы) шкафына түседі.

2020 ж дейін 351 мың есептеу аспатарын орнату жоспарлануда. 01.04.2016 ж. жағдай бойынша жоспардың 35% құрайтын, 124 836 есептеу аспаптары орнатылған.

Анықтамалық:
«Алатау Жарык Компаниясы» АҚ «Самырұқ-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.
ЖҚКО – Алматы Энергия Кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы .
Байланыс:
ЖҚКО жетекшісі: Жандарбек Катпабаев
Алматы Энергия Кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы (ЖҚКО)
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., www.esalmaty.kz
тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05 тел.
«АЖК» АҚ баспасөз-хатшысы: Бекбосынов Абылай
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Тел: +7(727) 376 19 46, ұялы.:8 701 529 50 81
2016.04.21
2016.04.21

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng