Қазақстан электр энергиясы Қырғыз Республикасына экспортталуда

Қырғызстан мен Ресейге электр энергиясын экспорттау нәтижесінде «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС мен «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ станцияларында іске қосылмаған қуаттар жүктемесі елеулі түрде өсті

Қазақстан электр энергиясы Қырғыз Республикасына экспортталуда

2016 жылғы 16 сәуірден бастап «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС «Электрические станции» ААҚ-ға (Қырғыз Республикасы) 200 МВт көлемінде электр энергиясын жеткізетін болады.

Электр энергиясын экспорттау шарты «Самұрық-Энерго» АҚ Сауда үйінің ықпал етуімен жасалды. 2016 жылғы сәуір айынан бастап маусымға дейінгі электр энергиясын жеткізудің болжамды көлемі 218 млн. кВтсағ құрайды.

Қырғызстан мен Ресейге электр энергиясын экспорттау нәтижесінде «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС мен «Екібастұз 2-МАЭС станциясы» АҚ станцияларында іске қосылмаған қуаттар жүктемесі елеулі түрде өсті.          

«Самұрық-Энерго» АҚ Үкіметпен Байланыс және Коммуникациялар офисі

БАҚ-пен байланыс:

Марат Мұхамедсалиев,  баспасөз хатшысы +7(7172)553062   

2016.04.18
2016.04.18

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng