«Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ Өңірлік диспетчерлік орталығын ашты

ӨДО-ны енгізе отырып, өңірде SCADA және ЭКЕАЖ жүйесінің қолданыстағы элементтерінің негізінде «Зияткерлік желі» жобасын кезең-кезеңімен ендіру үшін мүмкіндіктер ашылуда

«Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ Өңірлік диспетчерлік орталығын ашты

«Маңғыстау электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ Өңірлік диспетчерлік орталығын (ӨДО) ашты. ӨДО-ны таныстыруға Маңғыстау облысының әкімі Алік Айдарбаев және «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы қатысты.

- ӨДО жұмысы Маңғыстау ЭБК дамуының сапалық тұрғыдан жаңа кезеңін ашады. Электр желілерін басқарудың озат кешені Маңғысату облысы энергия жүйесінің кепілдіі және сенімді қызмет етуін қамтамасыз етеді», - деп атап кетті «Самұрық-Энерго» АҚ басқарушы директоры Серік Түйтебаев.

Құны 1,5 млрд. теңге болатын жоба «Маңғыстау ЭБК» АҚ-ның 2013-2016 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында іске асырылды. Диспетчерлік орталық персоналға неғұрлым қысқа мерзімде энергия жүйесінің жұмысындағы ауытқуларға жедел жауап қайтаруға мүмкіндік беретін ең жаңа техникалық және бағдарламалық құралдармен жабдықталған. Заманауи технологиялар тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын және өңірлік электр жүйесі жұмысының сенімділігін елеулі түрде арттырады.

«ӨДО-ны енгізе отырып, өңірде SCADA* және ЭКЕАЖ жүйесінің қолданыстағы элементтерінің негізінде «Зияткерлік желі» жобасын кезең-кезеңімен ендіру үшін мүмкіндіктер ашылуда», - деп хабарлады «Маңғыстау ЭБК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Керкінбаев.

Қонақтарға компанияның көрсеткіштері таныстырылды және жаңа диспетчерлік орталықта орналастырылған бейнеқабырғаның техникалық мүмкіндіктерін көрсетілді. Ауданы 50 шаршы метр экранда нақты уақыт режимінде «МЭБК» АҚ электр желілерінің сансыз объектілерінен ақпарат көрсетілді. Бұрын болған мнемосызба электр желісін тиімді басқаруға мүмкіндік берген жоқ.

Инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде 300-ден астам жергілікті маман оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.

«Маңғыстау ЭБК» АҚ-ның 2013-2016 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы жалпы сомасы 27,7 млрд. теңгеге жабдықтарды жаңғырту және 220 кВ ЖВЖ салу бойынша 6 жобаны іске асыруды қамтиды.

Анықтама ретінде:

«Маңғыстау ЭБК» АҚ-ның активтері кернеуі 35-220кВ 57 қосалқы станциялар, ұзындығы 5033 шақырым ЖВЖ-0,4-220кВ өз желілері бойынша жылына 2,5 млрд.кВт.сағ астам э/э тасымалдайды. «МЭБК» АҚ-ның негізгі тұтынушылары жалпы көлемінің үлесі 82% құрайтын мұнай өндіру саласының кәсіпорындары болып табылады, коммуналдық-тұрмыстық сектордың үлесі 11%-ын және өзге де тұтынушылар 7%-ын құрайды.

«МЭБК» АҚ-ның электр энергиясын бөлу және тарату қызметі бойынша қолданыстағы тарифтер үш категорияға бөлінеді: заңды тұлғалар үшін (3,77 тг/кВт.сағ), халық үшін (1,90 тг/кВт.сағ) және МКК үшін (2,39 тг/кВт.сағ). 

-*  АСКУЭ - электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты жүйесі

- SCADA – мониторинг және электр желісін басқару объектілерінен түсетін ақпартты жинау, көрсету және мұрағаттау жөніндегі жүйе 

2016.04.08
2016.04.13

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng