«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС: еңбек ұжымының жыл сайынғы есеп беру жиналысы өткізілді

2016.04.07
2016.04.07

Күн тәртібінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылымдық бөлімше басшыларының 2015 жылғы қызмет қорытындылары, 2015 жылы қабылданған әлеуметтік шаралар, 2016 жылға жоспарланған іс-шаралар

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС: еңбек ұжымының жыл сайынғы есеп беру жиналысы өткізілді

11.02.2016 ж. кестеге сәйкес Бас директор А.Н. Асыловтың басшылығымен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС еңбек ұжымының жыл сайынғы есеп беру жиналысы өткізілді.

Күн тәртібінде «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің құрылымдық бөлімше басшыларының 2015 жылғы қызмет қорытындылары, 2015 жылы қабылданған әлеуметтік шаралар, 2016 жылға жоспарланған іс-шаралар, өткен жылғы Кәсіподақ жұмысының қорытындыларымен кәсіподақ жұмысының барысында туындайтын ұйымдастырушылық мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды.

Баяндамалармен қатар МС ИСО 9001:2000 талаптарына сай тұтынушыларды ақпараттандыру бөлімінде абоненттерге қызмет көрсету сапасын арттыру қағидаларының бірі болып табылатын сапа менеджменті жүйесі енгізілген жұмыстары баяндалды.  Бұл бағытта абоненттермен тәуліктік режимдегі Контакт-орталығы, АЭЖБ-дегі операторлар, компанияның омбудсмені, сонымен бірге жұртшылықпен байланыс департаменті жұмыстар жүргізуде. Өткен жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі қажетті мамандармен, қажетті құрал-жабдықпен жабдықталған Алматы қаласының Наурызбай ауданында ашылған 3-АЭЖБ екені атап көрсетілді.

Жиналыс барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» Жолдауында қарастырылған саясаттың әлеуметтік және экономикалық аспектілерімен ұжымды таныстыру жүргізілді, сонымен бірге Еңбек Кодексінің өзгерістеріне қатысты жаңа Ұжымдық Шарт ережелерінің мәселелері талқыланды. Еңбек ұжымының Шартты әзірлеуге қатысуын жандандыру, ұсыныстарды қабылдау және оларды қарастыру жұмыстарын жалғастыру шешімдері қабылданды.

Алматы Энергия кешенінің жұртшылықпен байланыс бойынша Жалпы Қызмет Көрсету Орталығы (ЖҚКО)

тел.: +7 (727) 356 04 31, +7 (727) 356 04 05

ұялы тел.: +7 701 766 00 88

ЖҚКО басшысы Ж.К. Катпабаев

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng