"Шығысэнерготрейд" ЖШС-нің электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифін көтеру бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

Департамент басшысы Оразбаев Қайрат және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің бас директоры Аксенов Вячеслав спикерлар болып шықты.

4-5 сәуір аралығында Өскемен және Семей қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша "Шығысэнерготрейд" ЖШС-нің электрмен жабдықтау қызметтерінің тарифін көтеру бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Іс-шараға Серіктестіктің тұтынушылары, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары, саяси партиялардың, атқарушы билік және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Департамент басшысы Оразбаев Қайрат және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің бас директоры Аксенов Вячеслав спикерлар болып шықты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша электр энергиясына орташа босатылатын тарифтің жоспарланған өсуі қолданыстағы тарифтің 14,8%-ды құрайды.

Тариф бекітілген жағдайда, бір кВт*сағ бағасы 11,789 теңгеден 13,532 теңгеге дейін өседі (ҚҚС-ты ескере отырып).

Тарифті көтерудің негізгі алғышарттары болған энергия көздерінен электр энергиясын сатып алу мен электр энергиясын жөнелту бағасының өсуі.

Жаңа тарифқа байланысты түпкілікті шешім сәуір айының соңында қабылдануы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "Шығысэнерготрейд" ЖШС-нің тарифі Қазақстанда ең төменгі болып табылады.

2016.04.07
2016.04.07

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng