Кәсіподақ және трансформация

2016.02.18
2016.04.06

2016 жылғы 16 ақпанда «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация командасымен бірлесіп, «10 жылдан кейін компаниямды қалай елестетемін» тақырыбына арналған эссе конкурсының қорытындысын шығарды

Кәсіподақ және трансформация

2016 жылғы 16 ақпанда «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Трансформация командасымен бірлесіп, «10 жылдан кейін компаниямды қалай елестетемін» тақырыбына арналған эссе конкурсының қорытындысын шығарды.

Кәсіподақ «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерін компанияның трансформация үдерісіне қатыстыру, компанияның трансформация үдерісі үшін жаңа идеяларды анықтау, белсенді қатысқан қызметкерлерді көтермелеу және оларды одан әрі қолдау, трансформация идеяларын дәріптеу үшін шарттарды құру және қызметкерлердің қатыстырылуын күшейту мақсатында конкурс өткізу туралы 2015 жылғы 30 қарашада жариялады. Атқарушы комитеттің 2015 жылғы 30 қарашадағы №116 шешімімен Эссе конкурсын өткізу ережесі және «Самұрық-Энерго» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Төрағасы О.Т. Бекбастың төрағалығымен конкурстық комиссия бекітілді. Комиссияның қарауына нақты жаңа идеялары бар техникалық тәсілдемеде де, мол қиялы бар шығармашылық тәсілдемеде де түрлі дүниетанымдық көптеген материал ұсынылды.

Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ө.Е. Шөкеев, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқарма Төрағасы А.М. Сәтқалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Қ.Ә. Бектеміров және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Адамас Илькявичус қатысты.

Конкурс жеңімпаздары Самұрық-Энерго жергілікті кәсіподағының дипломдарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды. І-орын және 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшеріндегі сертификаттарды Самал Бекс (Нарықты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері) және Лаура Демесінова (Корпоративтік қаржыландыру депатаментінің бас менеджері), ІІ-орын және 100 000 (жүз мың) теңге мөлшеріндегі сертификатты Эльмира Найзабекова (Жұртшылықпен байланыс департаментінің менеджері) және Лаурия Әмірова («Генерация» ӨБжКҚМЖД-ның бас менеджері), ІІІ-орын және 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшеріндегі сертификатты Ойрат Махметов (Корпоративтік басқару департаментінің бас менеджері) алды, сондай-ақ 50 000 (елу мың) теңге мөлшеріндегі ынталандыру жүлдесін Самал Исабаева (Қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің маманы) және Әнуар Әбітаев («СЭС және ЖЭК, Бөлу және тарату» дивизионы Өндірістік бағдарламаларға және күрделі құрылысқа мониторинг жүргізу департаментіның бас менеджері) алды.

Жалпы алғанда, бұл конкурс күткеннен асып түсті және қызметкерлер мен басшылардың оң бағасын алды. Осылайша, кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік серіктестіктің жоғары деңгейін белгілеуге болады.

Қазіргі уақытта «10 жылдан кейін компаниямды қалай елестетемін» тақырыбындағы Эссе конкурсы сияқты бірегей әлеуметтік феноменін сақтау мен дәріптеудің жаңа дәстүрінің пайда болу мүмкіндігі туралы сеніммен айтуға болады.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng