Қазақстан Ресейге электр энергиясын қайтадан экспорттай бастады

2016.03.17
2016.03.17

Қазақстан Ресейге электр энергиясын қайтадан экспорттай бастады. 2016 жылдың 17 наурызынан бастап «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның екінші энергия блогы іске қосылып, Ресей энергия жүйесі үшін Қазақстан электр энергиясын жеткізу іске асырылуда

Қазақстан Ресейге электр энергиясын қайтадан экспорттай бастады

Қазақстан Ресейге электр энергиясын қайтадан экспорттай бастады. 2016 жылдың 17 наурызынан бастап «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ-ның екінші энергия блогы іске қосылып, Ресей энергия жүйесі үшін Қазақстан электр энергиясын жеткізу іске асырылуда. 2016 жылы экспортталатын электр энегиясының күтілетін көлемі 1,8 млрд. кВтсағ. құрайтын болады.

 - Қазақстан Республикасы Үкіметі қолдауының арқасында экпорттық жеткізілімдерді іске асыру үшін Екібастұз МАЭС-1 мен Екібастұз МАЭС-2 станцияларының бос қуаттары іске қосылды», - деді «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Қазақстанның мемлекеттік органдары қабылдаған шешімдер электр энергетикасы саласының экспорттық әлеуетін ынталандыру мен көтермелеу бойынша халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Қазақстан және Ресей электр энергиясы көтерме нарығының ірі субъектілері арасында жасалған өзара тиімді келісімдер валюталық түсімдерді, өндірістің, қызметтердің және табыстардың қосымша көлемдерін қамтамасыз ететін болады.

2014 жылғы қараша айында Қазақстан электр энергиясын жеткізу Ресей рублінің Қазақстан теңгесіне бағамының төмендеуіне байланысты тоқтатылды. 2013 және 2014 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ-ның РФ-ға электр энергиясын экспорттау көлемі тиісінше 2,452 және 1,862 млрд. кВтсағ. құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Үкіметпен байланыс және Коммуникациялар офисі

БАҚ үшін байланыс телефондары:

Марат Мұхамедсалиев, Баспасөз хатшысы +7(7172)553062   

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng