Самұрық-Энерго корпоративтік орталығы ұйымдық құрылымының жаңа моделі таныстырылды

«ТМҚ қалдықтарын босату» жобасы бойынша өткен жылдың соңында басталған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде

Самұрық-Энерго корпоративтік орталығы ұйымдық құрылымының жаңа моделі таныстырылды

2016 жылғы 3 наурызда Жаңғырту жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев трансформация бағдарламасы аясында компанияның Директорлар кеңесі бекіткен жаңа ұйымдық құрылымын таныстырды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоры қабылдаған модельге сәйкес, Басқарма Төрағасы орынбасарларының деңгейі қысқартылды. Бір деңгейдің 4 топтан 3-ке дейін қысқаруы басқарудың неғұрлым мобильді моделін және операциялық холдингке өтуін қамтамасыз етеді. Басқарушы директорлардың саны 14 -тен 5-ке дейін, құрылымдық бөлімшелер – 36-дан 31-ге дейін қысқарды, Алматы қаласындағы өкілдіктің қызметі тоқтатылды.

Компаня басқармасы 5 басқарушы директордан тұрады: стратегия және сату бойынша – Қаныш Молдабаев, қаржы бойынша – Қайрат Берікұлы, өндіріс және активтерді басқару бойынша – Серік Түйтебаев, бизнесті трансформациялау бойынша – Алексей Огай, әкімшілік бойынша – Мұрат Әбдіғұлов.

Компанияда жүргізілетін өзгерістердің басты мақсаты – Акционер үшін құндылықты құру және пайда табу болып табылады. Басқарма Төрағасы компанияның стратегиялық тапсырмаларын орындауда әрбір басшының жеке жауапкершілігінің маңыздылығына баса назар аударды. Мысалы, «Стартегия және Сату» жаңа бағыты негізгі бағыт болады, өйткені таратудың жаңа нарықтарын іздеу, жаңа клиенттерді тарту, компанияның сату қызметін жоғарылату бойынша жұмыс істейді. Барлық басқарушы директорларға жеке қатысу жоспарлары тапсырылды.

Трансформация жөніндегі бас директор Алексей Огай құрамына барлық Басқарма мүшелері, сондай-ақ Басқарма Төрағасы офисінің басшысы Алмаз Абылқасымов, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс, активтерді басқару жөніндегі бас директордың орынбасары - Александр Репин кірген Жаңғырту кеңесінің жаңартылған құрамын ұсынды.

Трансформация Бағдарламасы офисінің басшысы Марат Қалменов консультанттармен алдағы бірлескен жұмысы – «Ernst&Young» және «Enzen» бірлесітігі туралы, сондай-ақ, Трансформация бағдарламасы аясында Деректерді басқару бойынша жоба іске асырылып жатқанын, жұмыс тобының құрылып, жұмысқа кіріскенін айтты. ЖББЖ (жобаларды басқарудың бірыңғай жүйесі) жобасының басшысы Ғалымжан Матаев тағайындалды. ЖИЖ (жоспарлаудың интеграцияланған жүйесі) жобасы бойынша – прототип әзірленді, ол «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен келісілгеннен кейін Қорға жолданатын болады. «ТМҚ қалдықтарын босату» жобасы бойынша өткен жылдың соңында басталған жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде»-деді.

2016.03.09
2016.03.15

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng