Самұрық-Энерго Қапшағай қаласы ауданындағы күн электр станциясында энегия жинақтайтын жүйені тестілеуден өткізеді

«Самұрық-Энерго» АҚ БАҚ өкілдеріне Primus Power компаниясы шығарған EnergyPod (EnergyPod ЭЖЖ) энергия жинақтаушы жүйені таныстырды

«Самұрық-Энерго» АҚ БАҚ өкілдеріне Primus Power компаниясы шығарған  EnergyPod (EnergyPod ЭЖЖ) энергия жинақтаушы жүйені таныстырды. EnergyPod ЭЖЖ-ның бірінші демонстрациялық бірлігі Алматы облысының Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясында орналасқан.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев ЭЖЖ жұмысының басталғаны туралы баяндады:

- Қуаты 2 МВт ҚЭС өнеркәсіптік ауқымда электр энергиясын жинақтау технологияларын пайдаланудағы алғашқы ізашар болып табылады. Бұл жаңартылатын энергия көздерін желіге біріктіру, энергиямен жабдықтау сапасын жақсарту және дәстүрлі энергия көздерінің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін төмендету үшін инновациялық шешім болып табылады».

Primus Power компаниясының президенті Том Степиен (Tom Stepien): «Күн энергиясы және жинақтау жүйелері табиғи серіктес болып табылады. Күн электр станциясында батарея жүйелерін қолдану құрама жүйесінің құндылығын арттырады және Жүйелік оператор үшін шығындарды төмендетеді. Біз қазақстандық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге және Қазақстан Республикасында неғұрлым таза, тиімді әрі жетілдірілген электр энергиясы жүйесін бірге құруға ризамыз», - деп атап кетті.

«Samruk-Green Energy» ЖШС Бас директоры Жомарт Момынбаев: «Заманауи энергия жинақтаушы жүйелер ҚР БЭЖ-де күннен алынатын килловат сағаттарды біріктіру жөніндегі тапсырманы жеңілдетеді. ЖЭК-тан электр энергиясын жинақтау бойынша технологияларды іс жүзінде қолдану Қазақстанда экологиялық таза электр энергиясын өндіру саласындағы көшбасшы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның стратегиясын жүйелі түрде іске асыру жолындағы тағы бір қадам», - деді.

2015 жылғы мамыр айында «Самұрық-Энерго» АҚ американдық Primus компаниясымен ынтымақтастық туралы стратегиялық келісім жасасты. Келісім аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниясы «Samruk-Green Energy» ЖШС энергияны жинақтайтын жүйелерді техникалық тестілеуден өткізу үшін өзінің өндірістік қуаттарын ұсынады.

Табысты нәтижелер алған жағдайда жалпы қуаты 25 МВт (100 МВт⋅сағ) EnergyCells орнату жоспарлануда. Өз кезегінде Primus компаниясы Қазақстанда ЭЖЖ өндірісін оқшаулауға міндеттенеді. Қапшағай СЭС-інде орнатылған ЭЖЖ ТМД-дағы осындай бірінші жүйе болып табылады және 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен жалпы электр энергиясын өндіруді 30%-ға қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан жоспарына қол жеткізуге ықпал етеді.

Анықтама үшін ақпарат

«Самұрық-Энерго» АҚ

«Самұрық-Энерго» АҚ – халықаралық энергия балансына табысты біріктірілген, өзінің барлық акционерлері үшін баға белгілейтін және Қазақстанның барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін энергиямен қамтамасыз етудің жоғары тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған ең ірі көп салалы энергетикалық холдинг. Холдинг электр және жылу энергиясын өндіру, электр энергиясын бөлу және тарату, энергетикалық көмір өндіру бойынша активтерді біріктіреді. Қазақстанның БЭЖ-дегі қуат өндірудің 30%-ын және көмір өндірудің 35%-ын қамтамасыз етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Сайт: www.Samruk-Energy.kz

«Samruk-Green Energy» ЖШС

«Samruk-Green Energy» ЖШС Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында 2012 жылғы 25 қаңтарда құрылды. «Samruk-Green Energy» ЖШС-ның ЖЭК-ті пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру бойынша алғашқы жобасы Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясы (КЭС) болып табылады, онда да ЖЭК инновациялық технологияларын тестілеуден жүргізіледі. 2015 жылы қуаты 2 МВт КЭС-інде стратегиялық серіктестік бойынша үшжақты келісімді іске асыру аясында ұсынылған «Astana-Solar» ЖШС өндіретін қуаты 3,68 кВт 16 фотоэлектрлі модулі тестілеуден өткізілді. Энергия жинақтайтын жүйені тестілеуден өткізу нақты уақыт жағдайында әрбір режимге кемінде 30 күн бере отырып, жүктеменің бірнеше режимінде жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта «Samruk-Green Energy» ЖШС «Astana-Solar» ЖШС-мен бірлесіп Қапшағай қаласының ауданында қуаты 200 МВт-ға дейін кеңею перспективасы бар қуаты 50 МВт «Солар-Парк» күн электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлауда. Сайт: www.samruk-green.kz/

Primus Power

Primus Power – ағынды типтегі батареялар негізінде электр энергиясын ұзақ уақыт бойына жинақтау жүйелерін өндіру бойынша калифорниялық стартап. Компанияның штаб-пәтері Кремний жазығында (АҚШ) орналасқан. Primus Power энергияны желілік жинақтау технологиясы саласында көшбасшы болып табылады. EnergyPod® сауда белгісімен шығатын компанияның жабдығы – бұл химия, молекулярлық технологиялар және электр желілерін жобалау саласында 25 инновациялық патент. EnergyPod® өнімдері энергия ағынының меншікті қуаттылығы мен тығыздылығы бойынша үздік көрсеткіштермен, төмен баға болғанда да жоғары сапалылығымен және мобильділігімен сипатталады. Primus Power парақшасы Facebook, LinkedIn немесе Twitter әлеуметтік желілерде бар, не болмаса www.primuspower.com сайтында.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін баланыс телефондары:

Марат Мұхамедсалиев, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Баспасөз хатшысы , +7(7172)553062  

Джейн Эванс-Райан (Jane Evans-Ryan); Primus Power үшін PR; +1-408-489-6391; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

2016.03.11
2016.03.18

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng