«Самұрық-Энерго» АҚ-ның басшылары нәзік жандыларға мамандықтарына ризашылықпен алғыс айтты

Компания басшылары нәзік жандыларға мамандықтарына адалдығы мен жұмыстағы жетістіктері үшін ризашылықпен алғыс айтып, еңбекте табыс, әсемдік пен бақыт тіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның басшылары нәзік жандыларға мамандықтарына ризашылықпен алғыс айтты

8-ші наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» топ-менеджерлері қонақтарды – өңірлерден келген әріптестерді құттықтады. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жедел-диспетчерлік басқармасының режимдер жөніндегі басшысының орынбасары Перизат Қалдыбаева және Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-ның химиялық талдау бойынша лаборанты Ольга Заушицына көктем мерекесінің құрметіне арналған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығының дәстүрлі қабылдауына шақырылған болатын.

Перизат Қалдыбаеваның электр энергетикасы саласында жұмыс істегеніне 35 жыл. «Еңбек кітапшаның «жұмыс орны» деген бағанында менде бір ғана жазба», - деп мақтанышпен айтады. «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен кездескен кезде Перизат АЖК-ның неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан компания екеніне баса назар аударып, оның жетістіктері туралы айтты. АЖК тұтынушыларды – Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарын энергиямен үздіксіз жабдықтау үшін көп нәрсе жасады.

Ольга Заушицына суды химиялық жолмен тазарту цехында жұмыс істейді. Оның айтуы бойынша, бұрын тұщытылған суды әзірлеген кезде иондық-алмасу шайырлары қолданылған болатын. Бүгінде ХСТ жетілдірілген жүйесінің арқасында кәсіпорын қымбат тұратын және қоршаған ортаға зиянды химиялық реагенттерді пайдаланудан бас тартты. Сондай-ақ, Ольга әріптестерге кәсіпорында барлық энергия блоктарында заманауи жоғары тиімді электр сүзгілерін орнату бағдарламасының іске асырылуы аяқталғаны, бұл түтін тозаңдылығының деңгейін 1500 мг/м3-ден 400-ге дейін төмендеткені туралы айтты.  

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес тәуелді компанияларында жеті мыңға жуық әйел жұмыс істейді. Олардың арасында: инженерлер, монтаждаушылар, қазандықтардың машинистері, турбиналарды аралап қараушылар бар. Әйелдер еркектерге қарағанда жақсы жұмыс істейтін мамандықтар мен лауазымдар бар, көбінесе олар өте жауапты учаскелер болып келеді», - деп атап кетті «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Стратегия және Сату» Басқарушы директоры Қаныш Молдабаев.

Компания басшылары нәзік жандыларға мамандықтарына адалдығы мен жұмыстағы жетістіктері үшін ризашылықпен алғыс айтып, еңбекте табыс, әсемдік пен бақыт тіледі. Салтанатты қабылдау соңы естелік сыйлықтар беруге, гүл сыйлап, ұжымдық суретке түсумен аяқталды. 

2016.03.09
2016.03.09

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng