Жаңғырту кеңесі «Самұрық-Энерго» АҚ трансформациялау жөніндегіжол картасын бекітті

2016.02.19
2016.02.24

2016 жылы 16 ақпанда «Самұрық-Энерго» АҚ Жаңғырту кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда 2016 жылға арналған Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев Трансформациялау бағдарламасының табысқа жетуінде өзгерістер жасау қажеттілігі мен адам факторының маңыздылығын атап өтті. Қор басшысы ағымдағы бағдарларды белгілеп беріп, жеңіске тез қол жеткізуге баса назар аударды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қордың портфельді компанияларына енгізу үшін орталық команда әзірлеген референстік модельдерге қол жеткізді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев компаниядағы Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу мәртебесі туралы баяндады. Негізгі стратегиялық мақсат ретінде тұңғыш рет акционер үшін құндылықтарды құру және шығындарды азайту мәселесі қойылды. Басты мақсаттардың бірі тиімділікті басқару жүйесін құра отырып, операциялық холдинг моделіне көшу болып табылады.

Жаңа 2016 жылға арналған «Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау жөніндегі жол картасының жобасын Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор Дәурен Баймағамбетов таныстырды. Құжатта негізгі нәтижелерге қол жеткізу, компания пилоттық алаң ретінде қызмет ететін арнайы жобаларды іске асыруүшін мерзімдер белгіленген. Қазіргі кезде қойманы оңтайландыру (ТМҚ және қойма логистикасы) және «Кіріктірілген жоспарлау жүйесі» бойынша жобабелсенді іске асырылу сатысында тұр.

Жаңғырту кеңесі сонымен қатар «Самұрық-Энерго» АҚ Жол картасын бекітті. Қор басшысы Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Майданұлына «Трансформациялаудың жол картасын іске асыруға жеке қатысу жоспарын» тапсырды.

Көшпелі сессияның соңында «Самұрық-Энерго» АҚ жергілікті кәсіподағы» ҚБ қатысуымен корпоративтік орталық қызметкерлері арасында «10 жылдан кейін мен компанияны қалай елестетемін?» атты конкурсқа қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Конкурс қызметкерлердің бизнесті трансформациялау үдерісіне тартылуын арттырды, олардың өз компанияларының болашағы және өзінің ондағы алатын рөлі туралы ойлануына мүмкіндік берді.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng