Журналистер арасында өткен шығармашылық конкурсының лауреаттарын марапаттау

«Самұрық-Энерго» АҚ Астана қаласында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында өткен шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді

Журналистер арасында өткен шығармашылық конкурсының лауреаттарын марапаттау

«Самұрық-Энерго» АҚ Астана қаласында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында өткен шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. «Самұрық-Энерго» АҚ 2012 жылдан бастап осы конкурсты үшінші рет өткізді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев конкурстың қатысушыларына алғыс айтты және компания ақпараттың мөлдірлігіне ерекше назар аударатынын атап өтті. Ал аталған конкурс баспасөзбен ынтымақтастық пен өзара түсінушілікті нығайтуға мүмкіндік береді.

«Сіздердің кәсіпқойлығыңыз бен опреативтілігіңіздің арқасы біз үшін халыққа маңызды және құнды ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту мәселелерін жариялаудағы үлесін атап кеткім келіп тұр. Ұсынылған жұмыстардың көбі біздің кәсіпорындарымыздың жетістіктеріне, энергетиктердің қиын жұмысының даңқын шығаруға, үздік дәстүрлердің бірізділігіне арналды», - деп атап кетті Басқарма Төрағасы.

Конкурсқа ұсынылған жұмыстарды Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстары ұсынды. Лауреаттар мен номинанттардың тізімі компанияның ресми сайтында www.samruk-energy.kz «Медиа» - «БАҚ-ға арналған конкурстар» бөлімінде орналастырылған.

2016.01.21
2016.01.22

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng