2015 жылы ішіндегі өндірістік қызметі және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы

2016.01.14
2016.01.15

2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ тобы кәсіпорындарының электр энергиясын өндіру 22,3 млрд. кВтс құрады

2015 жылы ішіндегі өндірістік қызметі және 2016 жылға арналған жоспарлары туралы

2015 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ тобы кәсіпорындарының электр энергиясын өндіру 22,3 млрд. кВтс құрады. «Богатырь Көмір» ЖШС 34,4  млн.  тонна көмірді өндірді, соның ішінде 10,6  млн.  тонна Ресейге экспортталды. Электр энергиясын бөлу және тарату көлемдері тиісінше 12,1 млрд. кВтс. и 8,4  млрд. кВтс құрады. Ресейге электр энергиясын экспорттық жеткізуін тоқтатумен, ресейлік электр станцияларының көмір тұтынудың төмендеуімен және желтоқсандағы жалпы нормадан ауытқыған жылы ауа райы жағдайларына байланысты, өндіріс көлемдерінің жоспардан шамалы төмендеді.

 Бұнда, Мойнақ СЭС (105%), Шардара СЭС (117%) су электр станциялары 2015 жылды өндіріс бойынша жоспарлық көрсеткіштерін арттыруымен аяқтады. Ерейментау жел паркінің (БЖЭС) өндіру көлемі 79 млн.  кВтс-дан асты. 2015ж. «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының энергия балансындағы экологиялық таза электр энергиясының жалпы көлемі 11%-ға немесе 2,5 млрд. кВтс-ға жоғарылады. Стратегиялық мақсаттарға сәйкес 2025 жылға қарай компания қуатының құрылымындағы ЖЭК үлесін 47 МВт-дан 850 МВт-ға дейін арттыру жоспарлануда.

2016-2017 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ «таза» технологияларды дамытуға бағытталған қызметті жалғастырады. ЕҚҚДБ мен Таза технологиялар қорымен серіктесіп, Ерейментау жел паркінің қуатын 95 МВт-ға дейін кеңейту бойынша жоба жоспарлануда. 2017 жылы қуатты 26%-ға арттыра отырып, Шардара СЭС-ін қайта құру жобасы аяқталатын болады.

Су және жел қуат өндірісін дамыту бойынша ең озық халықаралық инвесторларды тарта отырып, бірқатар жоба әзірленуде. Солардың ішінде – контр реттегіш Кербұлақ СЭС-ін салу, Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу, Алматы энергия түйінінде шағын СЭС-терін салу, сондай-ақ Кеңсу өзенінің ағынын Бестөбе су қоймасына жіберу.  

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2015 жылғы қазан айында тиімді операциялық холдингін, Қазақстан нарығының көшбасшысын құруға бағытталған 2025 жылға дейінгі Компанияның Ұзақ мерзімді даму стратегиясын қабылдады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның миссиясы қоршаған орта туралы қорғау және ұқыпты өндіріс қағидаларын басшылыққа алатын Қазақстанның энергиямен қамтамасыз ететін жоғары технологиялық кепілгері және Еуразияның жеткізушісі ретінде акционерлер, қызметкерлер және қоғам үшін құндылықты құру болып табылады.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng