Fitch «BBB-» деңгейінде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясының рейтингін растады, болжал - «Тұрақты»

Fitch халықаралық рейтингтік агенттік «BBB-» деңгейінде «Самұрық-Энерго» АҚ қазақстандық электр энергетикалық компаниясының рейтингін растады, болжал - «Тұрақты»

2015ж. 23 желтоқсанда әлемнің жетекші кредиттік рейтингтік агенттіктерінің бірі Fitch Ratings «Самұрық-Энерго» АҚ-ның рейтнгтерін растады, соның ішінде шетел валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтнгін «BBB-» деңгейінде және шетел валютадағы басымдылық қамтамасыз етілмеген рейтингін «BB+» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжал – «Тұрақты».
Сондай-ақ, Fitch Ratings ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзық мерзімді рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжал – «Тұрақты» және Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AA+(kaz)» деңгейінде расталды, болжал – «Тұрақты».
Рейтингтік агенттігінің пікірі бойынша рейтингтерді растау компанияның мемлекетпен стратегиялық және операциялық байланыстарын көрсетеді. Үкімет қажеттілік болған жағдайда міндеттемелерді орындау және оларға қызмет көрсету үшін компанияға уақытылы қолдауды ұсынады деп күтілуде.
Fitch Ratings сарапшылары бұндай байланыстардың мөлдірлігі Самұрық-Энерго Қазақстандағы жинақталған белгіленген энергия өндіретін қуатының шамамен 38%-ын және елдегі жиынтық көмір өндірудің 36%-ын реттейтіндіктен, Қазақстан экономикасы үшін компанияның стратегиялық маңыздылығы есебінен, сондай-ақ мемлекеттің компанияның күрделі салымдары стратегиясы мен бағдарламасын қолдау есебінен және капитал жарнасы, активтерді ұсыну, субординацияланған кредиттер мен көмекқаржы нысанындағы қаржылық қолдау есебінен сақталуда екенін атап кетті.
Анықтама ретінде:
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында энергетикалық және көмір кәсіпорындарын басқаратын холдингтік компания болып табылады. Қоғам активтерінің құрамында есебінде ұлттық маңызы бар станциялары; өңірде жылу және электр энергиясын өндіретін станциялары; республиканың негізгі гидроэлектрстанциялары; аумақтық бөлу желілері мен тарату компаниялары бар ірі өндіріс компаниялар бар.
Бұрын, 2015 жылғы 15 желтоқсанда Standard & Poor's «Самұрық-Энерго» АҚ-ның кредит рейтингтерін растады: ұзақ мерзімді кредит рейтингі «ВВ» деңгейінде, қысқа мерзімді кредит рейтингі - «В» деңгейінде. Рейтингтердің өзгеру болжалы – «Тұрақты».

Дереккөздер: fitchratings.com

2015.12.25
2015.12.29

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng