«Самұрық-Энерго» АҚ — «Парыз-2015» республикалық әлеуметтік жауапкершілік және бизнес байқауының Гран при жүлдесінің иегері

2015.12.12
2015.12.24

Бизнес құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілікті дамыту әлеуеті жыл сайын ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында өтетін «Парыз» республикалық байқауында бағаланады.

11 желтоқсанда «Индустрияландыру күнінің» аясында «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жұмыстағы және корпоративтік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда қол жеткізген жоғары нәтижелері үшін 2015 жылдың Гран-При жүлдесін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевке тапсырды.

Бизнес құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілікті дамыту әлеуеті жыл сайын ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында өтетін «Парыз» республикалық байқауында бағаланады.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы 2008 жылы белгіленді, ол «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша өткізіледі. Байқауға 8 жыл ішінде жалпы саны 3 мың кәсіпорын қатысты.

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng