«Қазатомпром» ҰАК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ ЭКСПО-2017 серіктестері болды

«Самұрық-Энерго» АҚ-ға «Жаңартылатын энергияны ресми жеткізуші» мәртебесін бере отырып, ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ ЭКСПО-2017 серіктестері болды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ «Қазатомпром» ҰАҚ» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты
Салтантты қол қою рәсіміне «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов, «Қазатомпром» ҰАҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Жұмағалиев және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ға «Жаңартылатын энергияны ресми жеткізуші» мәртебесін бере отырып, ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

«Самұрық-Энерго» АҚ – аса ірі электр энергетикалық холдингі, ол жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша көшбасшы болып табылады. Көрме объектілеріне электр энергиясын жеткізу Индустрияландыру жөніндегі және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру қорытындысы бойынша жалпы ұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев салтанатты түрде іске қосқан қуаты 45 МВт болатын Ерейментау жел электр станциясынан жүзеге асырылатынын атап өтемін», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Сондай-ақ, «Қазатомпром» ҰАҚ» АҚ-ға «Көрме серіктесі» мәртебесін бере отырып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Жасалған меморнадум аясында «Қазатомпром» ҰАҚ» Көрмеге қатысу үшін халықаралық серіктестерді, атом индустриясының ірі компанияларын тарту бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ Көрме кешені аумағында атом кластерін құруға қатысатын болады.

«Сіздерге белгілі болғанындай, біз елдің ірі ұлттық холдингтерімен және ұлтаралық компаниялармен ынтымақтаса жұмыс істейміз. «Эйр Астана», «Cisco», «Қазкоммерцбанк» және т.б. біздің серіктестеріміз болып табылады. Бүгін қол қойылған меморандум біздің ықтымақтастығымыздың кезекті қадамы болады. Жаңа серктестеріміздің көмегімен біз ірі компаниялармен ынтымақтастықты жолға қоюды және оларды Көрмеге қатысуға тартуды жоспарлаудамыз», - деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ Басқарма Төрағасы А. Есімов.

* * *

«Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ 2013 жылғы 15 қаңтарда ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және оны өткізу мақсатында құрылды. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін Астана қаласында өтеді.

Көрмеге 100 ел, кемінде 10 халықаралық ұйым, инновацияылық технологиялар бойынша 10 көшбасшы компания қатысатады деп жоспарлануда. Жалпы келушілер саны 2 миллионнан асады және көрме 5 миллионға жуық көріледі деп күтілуде.

www.expo2017astana.com

2015.12.24
2015.12.24

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng