«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысына тәуелсіз бағалау жүргізуді аяқтады

«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары мен озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді

«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысына тәуелсіз бағалау жүргізуді аяқтады

2015 жылы қарашада «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС консультанттары «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысына тәуелсіз бағалау жүргізуді аяқтады.

Нәтижесінде «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысына Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары мен озық халықаралық тәжірибеге 100% «Сәйкес келеді» деген баға алды.

«КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС консультанттары «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметінің (ІАҚ) жұмысының жағымды тұстарын атап өтті. Олардың қатарында ІАҚ ұсынатын тәуелсіз әрі объективті кепілдіктер мен консультациялар мүдделі тараптардың талаптары мен қажеттіліктеріне сәйкес келеді, ұсынымдары «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның ЕТҰ-ларының тәуекелдерін басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған. Консультант сондай-ақ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің талап етілетін жұмысты орындау үшін біліктілігі жеткілікті екенін атап өтті.

«Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі аудит қызметі жұмысының Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттары мен озық халықаралық тәжірибеге алынған сәйкестігі корпоративтік басқару жүйесіне және оның беделіне оң ықпал етеді, сондай-ақ мүдделі тараптардың «Самұрық-Энерго» АҚ-ға сенімін арттырады.

2015.12.23
2015.12.23

Әзірленді: Webmarka

  • Қаз
  • Рус
  • Eng